20 C
Нур-Султан
03.06.2023

«Дара» ұлттық телевизиялық білім бәйгесі эфирге шығады

21 мамырдан бастап Qazaqstan Ұлттық Телеарнасынан «Дара» ұлттық білім бәйгесі эфирге шығады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.

Бүгін еліміздегі ең үздік 28 жоғары оқу орнынан келген 32 команда арасындағы интеллектуалдық сайыстың түсірілімі басталды.

Ұлттық телевизиялық білім бәйгесінде елдің әр аймағындағы 15 қаладан жиналған жалпы саны 200-ге жуық студент бақ сынайды.

Телевизиялық жоба түрлі бағыттар бойынша «Кім жылдам?», «12», «Жұмбақ жәшік» кезеңдерінен тұрады.

Әр кезең бойынша қойылатын сұрақтардың салмақтылығын, дұрыс-бұрыстығын тексеруге Ұлттық тестілеу орталығы да атсалысты. Жаңа жобаның мақсаты – білім алушыларға өз мүмкіндігін таныту үшін интеллектуалдық алаң ұсыну және жастарды оқу, білімге ынталандыру.

Бағдарламаны Ерқанат Көпжасарұлы мен Алла Гаврина жүргізеді. «Дара» интеллектуалдық тележобасын 21 мамырдан бастап әр жексенбі 20:50-де көре аласыздар.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...