12 C
Нур-Султан
03.06.2023

«Болашақ» түлегінің медициналық стартапы халықаралық конкурста ең үздік деп танылды

«Болашақ» бағдарламасының түлегі Досжан Жүсіповтің медициналық стартапы Global Startup Awards халықаралық конкурсында Best VerTech startup 2023 номинациясы бойынша жеңіске жетті, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі министрлік баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Конкурстың финалы Дания астанасы Копенгагенде өтті. Қазақстандықтар Кения, Нигерия, Түркия, Дания, Өзбекстан және Норвегиядан келген бәсекелестерді басып озды. Конкурсқа барлығы 120 елдің командасы қатысты.

Болашақшының «Cerebra» атты инновациялық әзірлемесі дәрігерлерге барынша жылдам әрі нақты инсультті диагностикалауға көмектеседі. Жасанды интеллект 4 минуттың ішінде инсультті анықтайды және бас миының нақты картинасын ұсынады. Досжанның сөзінше, әдеттегі практикада бұған дәрігерлердің бірнеше сағаты кетеді, ал өңірлерде анықтау үшін тәулік өтуі мүмкін. Платформа ишемиялық және геморрагиялық инсультті анықтайды.

«Шетелде жобаға АҚШ, БАӘ және Өзбекстанда қызықты. Қазіргі уақытта келіссөздер жүргізіп жатырмыз. Әлемде бұған ұқсас алты түрі бар, алайда олар біздің технологияға қарағанда өте қымбат. Қазақстандық клиникаларда инновациялық әзірлеме тегін жұмыс жасайды. Қазіргі таңда елімізде 50 аурухана Cerebra-ны қолданып отыр», — деді Досжан Жүсіпов.

Бұрын Досжан Жүсіповтің жобасы Emerge Challenge 2021 финалисі атанып, 700 стартаптың ішінен 5 үздікке,  Slingshot 2020 нұсқасы бойынша 500 үздікке кірді және басқа.

2022 жылдың желтоқсанында Cerebra жеделдетілген есептеулер үшін инновациялық бағдарламалық шешімдер әзірлейтін стартаптарға арналған Intel@oneAPI бағдарламасына қосылды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...