20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Ақмолалық оқушы шетелдік 6 университеттің грант иегері атанды

Ақмола облысының оқушысы шетелдік 6 университеттерінің грант иегері атанып, 4 университетке шақырту алды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі.

Ақмола облысы білім басқармасының мәліметінше, «Білім-инновация» лицей-интернатының 11-сынып оқушысы Хайрушев Жарас АҚШ –тың 6 университетінің ( Widener university — 148000$; Michigan state university — 72000$; Arizona state university — 52000$,Loyola university Chicago — 84000$, Adelphi university — 100000$, George Mason university — 48000$ ) грант иегері атанып отыр.

Сондай-ақ АҚШ-тың және Канаданың 4 университетінен (Pennsylvania state university, University of Illinois Chicago, University of Toronto , University of Ottawa) арнайы шақырту алған.

Жарастың бала күнгі арманы криминалист болу еді. Криминалистика туралы түрлі фильмдер мен көркем әдебиеттер оқып, болашақ мамандығы туралы ізденуді 7-сыныптан бастаған. 2023 жылы лицейдің 11-сыныбында оқып жүріп, «Coursera» сайтындағы Сингапур университетінің «Криминалистика және криминальная психология» курсының тыңдаушысы атанды.

Қазіргі қоғамда қылмыстың өршіп тұрғандығы және оның алдын алу жолдары қандай деген сауал Жарасты бей-жай қалдырмады. Ол осы мәселе төңірегінде үнемі ізденіп, түрлі әдебиеттер оқып, 2022-2023 оқу жылы “How do people get on the path murder and violence” деген тақырыпта адамдардың қылмысқа бару себебі жөнінде ғылыми зерттеу жоба жұмысын жазады. 2021-2022, 2022-2023 оқу жылы Жарас ағылшын тіліндегі республикалық дебат турнирлеріне қатысып, 1-орын иегері атанды. Сондай-ақ ағылышын тіліндегі “World scholars cup” халықаралық олимпиадасына қатысып, 5 алтын, 1 күміс медаль иеленді.

«Үздіксіз дайындық пен табандылығының нәтижесінде Жарас IELTS сынағын 7 балға, SAT емтиханын 1200 балға тапсырып, өзі арман еткен криминалист мамандығы бойынша шетелдің белді оқу орындарында заманауи білім алу мүмкіндігіне ие болды», — делінген Ақмола облысының білім басқармасының хабарламасында.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...