-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

Ұстаздарға арналған жаңа байқау ұйымдастырылды

Елімізде «Педагогикалық идеялар панорамасы» атты ұстаздарға арналған конкурс басталады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпаратық агенттігі.

Республикалық конкурсы мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін басталады. «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығында айтылғандай, педагогтер бейне түріндегі авторлық жұмыстарын 12 бағыттың бірі бойынша ұсына алады:

• мектепке дейінгі оқыту және тәрбиелеу педагогтері үшін ерте сауаттылық;

• оқу сауаттылығы;

• математикалық сауаттылық;

• жаратылыстану-ғылыми сауаттылық;

• цифрлық сауаттылық;

• медиа-ақпараттық сауаттылық;

• қаржылық сауаттылық;

• экологиялық сауаттылық;

• денсаулық сақтау сауаттылығы;

• әлеуметтік-эмоционалды сауаттылық;

• мәдениетаралық сауаттылық;

• азаматтық-құқықтық сауаттылық.

Конкурсқа жеке немесе авторлық топпен қатысуға болады — топтағы қатысушылар саны 3 адамнан аспауы тиіс. Мұғалімдердің келесі жұмыстары қабылданады: дәріс, сабақ, практикалық немесе зертханалық жұмыс, семинар, мастер-класс, сандық білім беру ресурсы және бейне подкаст. Жұмыстар қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде ұсынылуы мүмкін. Конкурс қатысушылары ұсынатын бейнематериалдардың саны шектеулі. Бір педагог немесе бір авторлық топ тек бір бағытқа қатысуға өтінім беріп, бір бейнематериал жібере алады.

Конкурс жұмыстары жеті критерий бойынша бағаланады: өзектілік, дәлелділік, пәнаралық интеграция, әдістемелік құндылық, инновациялылық, сөйлеу мәдениеті мен шешендік шеберлік, аудио/бейнеқатарды беру сапасы.

12 бағыттың әрқайсысында бір І орын, екі ІІ орын және үш ІІІ орын беріледі. Өңірлік және республикалық кезеңдердің барлық қатысушылары қатысу сертификаттары мен жеңімпаздар дипломдарымен марапатталады. YouTube-те ең көп қаралған бейнематериал үшін әр бағыт бойынша мадақтау сертификаты қарастырылған. Конкурстың барлық марапаттау құжаттары біліктілік санатын беру немесе растауда ескерілетіні туралы айта кеткен жөн.

Конкурстың өңірлік кезеңіне қатысу өтінімдері https://ppi.orleu-edu.kz сайтында қазан айының 10-на дейін қабылданады. Қосымша ақпаратты «Өрлеу» біліктілікті арттыру ұлттық орталығының филиалдарында алуға болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...