18 C
Нур-Султан
21.09.2023

Қостанайлық оқушылар егіс алқабын бүркіп суаратын құрылғы ойлап тапты

Қостанайлық оқушылар егіс алқабын бүркіп суаратын автоматтандырылған құрылғы ойлап тапты, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі.

Қостанай қаласы физика-математика лицейінің оқушылары егіс алқабын бүркіп суаратын Komilekc деп аталатын жоба ойлап тапты.  11 сынып  оқушылары Сергей Трефилов пен Александр Цюпайдың айтуынша,  бұл механизм далалық құрылғылардың тиімділігін бірнеше есе арттыруға көмектеседі.

«Интеллектуалды жүйе мұнай негізіндегі отынның орнына электр қуатын пайдаланады. Қазіргі заманғы GPS жүйелері, қауіпсіз препараттар, сондай-ақ ақылды маршрутты есептеу мен сұйықтық шығынының алгоритмдері  артады. Жоба аясында егіс алқабына шығып көптеген сынақтар өткізген болатынбыз, барлығы да бұл жобаның тиімділігін дәлелдеді», — дейді қостанайлық оқушылар.

Сергей Трефилов пен Александр Цюпай бала кезден информатика, модельдеу және робототехникаға әуес және осы салада өздерін шыңдап жүр. Олар Халықаралық цифрлық форум көрмесіне қатысып, республикалық әлеуметтік жобалар конкурсының жүлдегері атанды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...

Әр өңірде IT мектептер болуы тиіс – Әлихан Смайылов

Үкімет басшысы Әлихан Смайылов отандық IT саласын дамытудағы кедергілерді атады. «Білім беру ісі мен IT-инфрақұрылымды дұрыс, сауатты ұйымдастыра білу қажет. Біз жаһандық IT-нарықтың толыққанды мүшесі...