19 C
Нур-Султан
21.09.2023

Астанада жаңа жоғары оқу орнын құру ұсынылды

Ұлттық ұланның бас қолбасшысы Еркін Ботақанов Астанада жаңа оқу орнын ашуды ұсынды. Генерал бұл бастамасын президент қатысуымен өткен бүкілармиялық кеңесте жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Sputnik Қазақстан-ға сілтеме жасап.
“Президент мырза, бүгінде әскер құрамалары мен бөлімдері қолбасшылығының негізгі құрамы — Ұлттық ұлан академиясының түлектері. Академия тәуелсіздіктің алғашқы жылдары құрылған болатын. Былтыр оқу ордасы 25 жылдығын атап өтті. Қазіргі кезде елорламыз — Астана қаласында барлық құзіретті органдары үшін кәсіби және ғылыми маман даярлайтын жаңа жоғары орнын құратын уақыт келді деп ойлаймыз”, — деді Ботақанов.
Оның ойынша, генарал мен офицерлер, соның ішінде запастағы кәсіби мамандар жоғары кәсіби мамандарды даярлауға көмектеседі. Сондай-ақ әскери ғылымды да дамытуға өз үлесін қоса алады.
Айта кетері, бүгін Астанада президенттің төрағалығымен бүкілармиялық кеңес өтті. Оған қорғаныс министрлігі, ұлттық қауіпсіздік комитетінің шекара қызметі, мемлекеттік күзет қызметі, ұлттық ұлан және тағы басқа әскери құрылымдар қатысты.
Жиында әскери дайындық пен армияны технологиялық тұрғыда жаңғырту мәселелері талқыланды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...

Қалаларда мектеп салынбаған аудандарда тұрғын үй құрылысына тыйым салынады

Мәжіліс депутаты Асхат Аймағамбетов қалада мектеп салынбаған аудандарда көппәтерлі тұрғын үй құрлысына тыйым салу тәртібін қарастырған заң жобасы әзірленгенін айтты. «Мектептердегі орын тапшылығына байланысты жағдайды...

Мектепті діни ағымдар ордасына айналдырмау керек – Мәжіліс төрағасы хиджаб дауы туралы

Парламент Мәжілісінің төрағасы Ерлан Қошанов мектепке хиджабпен бару дауына қатысты пікір білдірді. «Бұл мәселе жөнінде алуан түрлі пікір айтылып жүр. Бірақ Қазақстан – зайырлы мемлекет,...