29 C
Нур-Султан
30.05.2023

200 студентке бір реттік шәкіртақы тағайындалды

«Dauletten» қайырымдылық қоры ұйымдастырған «Білімнің жұлдызы-2023» байқауының қорытындысы шығып, жеңімпаздарды салтанатты марапаттау рәсімі өтті, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі Ғылым және жоғары білім министрлігіне сілтеме жасап.
Шараға ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі Жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру комитеті төрағасының орынбасары Ақерке Абылайхан мен ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Дәулет Мұқаев қатысты.
«Ғылым және жоғары білім министрлігі атынан білімге құштар жастарды қолдап, білім мен ғылымды негізгі құндылыққа айналдырып отырған жобаға сәттілік тілейміз», — деп атап өтті Ақерке Абылайхан.
2019 жылы бастау алған «Білімнің жұлдызы» қайырымдылық жобасы еліміздегі білімді, әрі талантты жастарды қолдап келеді. Биыл 200 студентке 100 000 теңгеден бір реттік шәкіртақы тағайындалды. Іріктеуге Қазақстанның түкпір-түкпірінен 854 студенттен өтінім түсті. Оның ішінде 774 өтінім ЖОО, 80 өтінім колледж студенттерінен. Жеңімпаздарды анықтауда мотивациялық хат, оқу үлгерімі мен әлеуметтік жағдайлары ескерілді.
«Шәкіртақы иегерлерінің басым көпшілігі көпбалалы отбасылардан, толық емес жанұяда өскендер, жетім және ата-анасының қамқорлығынсыз қалған балалар, ата-анасының екеуінде де немесе біреуінде мүгедектік бар жандар және мүмкіндігі шектеулі студенттерден болды», — дейді Қор жетекшісі Жасұлан Қуандық.
Жеңімпаздардың тізімін dauletten.kz сайтынан көруге болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...