29 C
Нур-Султан
30.05.2023

Қазақ тілі мен әдебиетінен республикалық олимпиада басталды

Елімізде 9-11 сынып оқушылары арасында қазақ тілі мен әдебиеті пәнінен Қанипа Бітібаева атындағы республикалық олимпиада басталды. Оқушылардың  білімдерін тереңдету және жетілдіру, зияткерлік және шығармашылық қабілеттерін дамыту мақсатында квотаға сай Қазақстанның әр өңірінен 169 оқушы қатысып жатыр, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі.

«Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы мамандарының айтуынша, олимпиаданың республикалық кезеңі екі кезеңнен тұрады. Қатысушылар эссе жазып, сұрақтарға ауызша жауап береді.

Қазақ тілі мен әдебиетінің шығармалары, Қанипа Бітібаеваның өмірбаяны, ғылыми-педагогикалық мұрасы және публицистикалық еңбектері бойынша білімдерін көрсететін болады.

Олимпиада аясында жетекшілер үшін шеберлік сыныптары мен қатысушыларға мәдени-танымдық бағдарлама ұйымдастырылады. Жеңімпаздар мен жүлдегерлер ҚР Оқу-ағарту министрлігінің диплом, грамоталарымен марапатталады.

Айта кетейік, Қанипа Бітібаева атындағы олимпиада 2014 жылдан бастап республикалық деңгейде өткізіліп келеді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...