Ораза айттарыңыз қабыл болсын!

Құрметті сайт оқырмандары, қадірлі ұстаздар мен оқушылар және ата-аналар!

Сіздерді мұсылман қауымының ұлық мерекесі ораза айт мерекесімен құттықтаймыз. Отыз күн оразада істеген ізгі амалдарыңызға Алла мол сауаптан жазып, барлық дұға-тілектеріңіз қабыл болсын!

Ораза айт жамағатты жақсылыққа, ынтымақ пен береке-бірлікке шақыратын, бір жағынан ұрпақтың санасына ардақты дініміздің асыл құндылықтарын сіңіретін мейрам. Осы күні бабадан аманат болған асыл мұратымыз – тәуелсіздік үшін ауадай қажетті иман мен бірліктің қадір-қасиетін ұғынып, қазақ елінің еңсесін биік, іргесін берік ететін иманды да ибалы, дарынды да жалынды ұрпақ өссін! Ораза айтта сағынысқан жандармен дастарқандас болып берекеміз айта берсін!

Ел ертеңі болашақ жастарымыз алаңсыз білім мен ілім жолында нәр жинайтын бейбіт те берекелі еліміздің әр күнін Алла нұрлы етіп, болашақ ұрпағын ұлағатты етсін! Оразадан оразаға, айттан айтқа аман-есен жетейік!

Ұстаған оразаларыңыз қабыл болсын, ораза айттарыңыз құтты болсын, қадірлі ағайын!

Kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

Exit mobile version