20 C
Нур-Султан
25.09.2023

Еліміздің үздік жас педагогі анықталды

«Жаңа мектепке – жаңашыл ұстаз» атты жас педагогтердің VI Республикалық байқауы аяқталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі.

Оған еліміздің барлық өңірінен 57 педагог қатысты. Олар байқаудың аудандық және облыстық турларының жүлдегерлері.

Соңғы кезеңнің қорытындысы бойынша бас жүлдені Ақмола облысының орыс тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі Дәмелі Өмірзақова жеңіп алды. Бірінші орынды Абай облысынан физика пәнінің мұғалімі Жасқайрат Наубетов, екінші орынды Алматы қаласынан биология пәнінің мұғалімі Ұлдана Жақсылықова, үшінші орынды Батыс Қазақстан облысынан Қазақстан тарихы пәнінің мұғалімі Дамир Кунашев алды.

«Байқаудың алғашқы кезеңәнде қатысушылар «Жаңа мектепке – жаңашыл мұғалім» тақырыбында эссе жазды. Олар өздерінің өмірлік, кәсіби және жеке ұстанымын, жетекші педагогикалық идеяларын ашып жазды. Байқауға қатысушылар үшін ең маңызды сәт танымайтын сыныпта сабақ өткізу болды. Конкурстық сабақтың тақырыбын қатысушы өзі таңдады. Байқаудың соңғы кезеңі «Шығармашылық жолдың басталуы» атты презентация.Байқауға қатысушылар өздері және мамандыққа деген көзқарасы туралы айтып берді. Айта кету керек, әрбір қатысушының кәсіби имиджін ашып айтуда, педагогикалық ұстанымын таныстыруда шығармашылық пен ізденіс бар», — деді «Балдәурен» республикалық оқу-сауықтыру орталығының директоры Сержан Алибаев

Алматы, Абай, Қызылорда, Қарағанды, Батыс Қазақстан және Қостанай облыстарының педагогтері «Дарынды ұстаз», «Жігерлі ұстаз», «Шығармашыл ұстаз», «Табиғат білгірі» сияқты бірқатар номинацияларға ие болды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Астанада мектеп директорының үстінен іс қозғалды

Оқушы баспалдақтан құлаған мектеп директорына қылмыстық іс қозғалды. «Анасымен хабарласып отырмын. Қазіргі уақытта баланың жағдайы, орташа ауырлық деңгейінде, жақсарып келеді. Ақыл-есін біледі. Сұраққа жауап береді,...

Алматыда тоғызқұмалақтан әлем чемпиондары белгілі болды

Алматыда қыркүйектің 21-24 аралығында тоғызқұмалақтан оқушылар арасында (U-15, U-17) тұңғыш рет әлем чемпионаты өтті. Жарыс жүлдегерлерін марапаттау рәсіміне қатысқан Дүниежүзілік және республикалық тоғызқұмалақ федерациясының президенті...

Назарбаев университеті мен мектептері қоғамдық бақылауда болады

Бүгін Сенаттың жалпы отырысында «Қоғамдық бақылау туралы» Заңы мен ілеспе құжат мақұлданды. Заңда қоғамдық бақылау саласын мемлекеттік реттеу тәртібін белгілеу, қоғамдық бақылауға қойылатын талаптарды айқындау,...

Келесі жылы жаңа сұрақтар қосылып, ҰБТ тапсыру уақыты 30 минутқа қысқарады

2024 жылы ҰБТ форматында бірқатар өзгеріс болады. Ол жаңа оқу жылының басында жария етіледі. Бұл болашақ талапкерлерге жоғары оқу орнына түсуге жақсы дайындалуға көмектеседі....

«Болашақ» бағдарламасымен әлемнің тағы 25 оқу орнында білім алуға болады

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асырудың кейбір шаралары туралы» бұйрығына қол қойды. Оған сәйкес, «Болашақ» бағдарламасымен білім алатын...