IELTS-ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан.
IELTS (International English Language Testing System)-ағылшын тілі деңгейін анықтауға арналған халықаралық емтихан.
IELTS-тестін атақты үш халықаралық мекеме басқарады:
British Council
IDP: IELTS Australia
University of Cambridge ESOL Examinations.
IELTS-тапсыру форматы Акедемиялық(Acedemic)және Жалпы(General) болып бөлінеді.
Академиялық IELTS-университетке немесе кәсіптік оқу орындарына түсетіндердің барлығына сәйкес келетін тақырыптарды қамтиды.
Жалпы IELTS- қызығушылыққа негізделген жалпы дайындық көші-қон мақсатында. Талаптарды сіз жұмыс істеуді немесе оқуды жоспарлап отырған ұйым белгілейді.
Қазақстан Республикасы аумағында IELTS тестін өткізуге құқылы тек екі мекеме бар: InterPress Exams Center және Британдық Кеңес.
IELTS-тесті негізі төрт бөлімнен тұрады:
Тыңдау (Listening)
Оқу (Reading)
Жазу(Writing)
Тілдесу (Speaking)
IELTS нәтижелерінің шкаласы ағылшын тілінің 0-дан бастап 9-ға барлық деңгейлерін қамтиды. Емтиханның әрбір бөлімі жеке, бағаланады, оған қоса жалпы балл шығарылады.
IELTS-тапсырудың артықшылықтары:
—Егер IELTS-сертификатыңыз болса әлемдік үздік университетерге тегін оқуға түсе аласыз.
—Кеңінен танылған сертификат яғни сіз IELTS-сертификатыңызды кез-келген жұмысқа орналасу болсын, ЖОО-на тапсыруда болсын көрсете алсыз. Ағылшын тілі жоқ адаммен салыстырған да неғұрлым жоғары деңгей де боласыз.( сертификат уақыты 2-жыл.)
—Сіз ағылшын тіліне деген қабілетіңізге объективті баға аласыз. Мүмкін сіздің достарыңыз сізге ағылшын тілінде жақсы сөйлейтіндігіңізді айтқан шығар, немесе сіз әрқашан мектептегі сынақтарды жақсы өткізетін шығарсыз. Бірақ сіз өз деңгейіңізді шынымен білесіз бе? Сіз IELTS тестін тапсырған кезде, сіз IELTS-тің қатаң әлемдік стандарттарына сәйкес бағаланасыз.
—Сізге қажет ағылшын тілін жақсы меңгересіз. Егер сіз IELTS- академиялық тестінен өтсеңіз, сіз бакалавриатта немесе аспирантурада оқуға қажетті ағылшын тілін жақсы білесіз.
IELTS-тапсыру қиын ба?
—Егер адам дайындықсыз келсе, онда кез-келген емтихан қиынға соғады. IELTS емтиханына дайындық ағылшын тілінің әртүрлі салаларына назар аударуды қамтиды. Шеберліктің қиындық деңгейі әр адамға әр түрлі болуы мүмкін. Біреуге тыңдау қиын болуы мүмкін, ал басқаларына оқу қиын болуы мүмкін. Сол үшін болашақта өзіңізге керемет мүмкіндіктерлің есігін ашқыңыз келсе, IELTS-қа дайындалып тапсырып көріңіз. Өзіңізге үлкен тәжірибе жинаумен қатар ағылшын тілі деңгейіңізді де жақсарта аласыз.