29 C
Нур-Султан
30.05.2023

Ең үздік 20 қазақстандық ЖОО-ның рейтингі

Қазақстандық ЖОО-ның білім беру және бағдарламалық деңгейі анықталатын тәуелсіз рейтингтің қорытындылары жария етілді. Оны Қазақстан Республикасының аккредитация және рейтинг жөніндегі тәуелсіз агенттігі жүргізген.

(«Егемен Қазақстан», №141 (28364) 22 шілде 2014 ж). Онда жоғарғы оқу орындарының бакалавриат, магистратура, докторантура бойынша жалпы рейтингіне және білім беру бағдарламалары мен профессорлық-оқытушылық құрамының рейтингіне сараптама жасалды. Білім беру гранттарының саны, «Алтын белгі» иегерлерінің, «ЖОО-ның ең үздік оқытушысы» мемлекеттік грантының, ҚР ғылымының дамуына үлес қосқаны үшін иеленген сыйлық және шәкіртақының, ғылыми гранттың, патент пен өнертапқыштың, Хирш индексі бойынша зерттеулер жарияланған басылымдардың саны да (ISI Web of Knowledge, Thomson Reuters и Scopus) ескерілді.

Іріктеу барысында төрт негізгі бағыт студенттердің, оқытушылардың, зерттеушілердің сапалық құрамы, академиялық мобильдік байланыс, түлектердің сұранысқа ие болуы, мамандық бойынша оқытушылардың, магистранттардың, докторанттардың ғылыми мақалаларының бәсекеге қабілеттілігі назарға алынды.Республикалық басылымдарда тәуелсіз рейтинг анықтаған үздік 20 ЖОО аттары жарияланды.

Ең үздік үштікті Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті бастап тұр. Одан кейінгі екінші орында Әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық университеті,үшінші орында Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті.

Тәуелсіз агенттіктің «Топ-20» рейтингісінде жүлделі орын иеленген ЖОО институциональдық және бағдарламалық көрсеткіш деңгейі:

Оқу орны жалпы саны
 1 Л.Н.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті 88
 2 Әл-Фараби атындағы қазақ ұлттық университеті 83
 3 Академик Е.А.Букетов атындағы Қарағанды мемлекеттік университеті 48
 4 Д.Серікбаев атындағы Шығыс Қазақстан мемлекеттік техникалық университеті 34
 5 М.Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 30
 6 Казақ мемлекеттік қыздар педагогикалық университеті 23
 7 Қорқыт Ата атындағы Қызылорда мемлекеттік университеті 21
 8 С. Сейфуллин атындағы қазақ агротехникалық университеті 19
 9 Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе аймақтық мемлекеттік университеті 18
 10 Карағанды мемлекеттік техникалық университеті 17
 11 Алматы технологиялық университеті 16
 12 Манаш Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан мемлекеттік университеті 13
 13 Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университеті 11
 14 С.Д. Асфендияров атындағы ұлттық медицина университеті 10
 15 Тұран-Астана университеті 10
 16 Семей қаласы мемлекеттік медицина университеті 9
 17 Қарағанды мемлекеттік медицина университеті 9
 18 Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік медицинауниверситеті 7
 19 Ш.Уәлиханов атындағы Көкшетау мемлекеттік университеті 7
 20 Жәңгір хан атындағы Батыс Қазақстан аграрлық-техникалық университеті 6

 

 ult.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Қазақстан құрама командасы физикадан Азия олимпиадасында үш медаль иеленді

Физикадан 23-ші Азия олимпиадасы (APHO) 21-29 мамыр аралығында Моңғолия Республикасының Ұланбатыр қаласында өтті. Оқушылар олимпиадада (APhO) бір алтын, екі қола медаль иеленді, деп хабарлайды...

Елімізде ұстаздарға арналған конкурс басталды

Мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік білім беру педагогтері үшін «Педагогикалық идеялар панорамасы – 2023» республикалық конкурсы басталды, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Өрлеу» біліктілікті...

Жаңа басшы: Назарбаев университетінің президенті Шигео Катсу отставкаға кетеді

Назарбаев Университеті 2023 жылдың 15 маусымынан бастап Президент Шигео Катсудың отставкаға кететінін жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі ҚазАқпарат-қа сілтеме жасап. «13 жылға жуық қызмет...

Мектеп оқушылары Баянауыл ұлттық паркінің 3D атласын құрастырды

Павлодар қаласының Дарынды балаларға арналған № 8 лицей-мектебінің 11-сынып оқушылары Богдан Цибрий мен Руслан Божеканов Баянауыл ұлттық паркінің мемлекет қорғауына алынған өсімдіктер мен жануарлардың...

Алматыда Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді

Алматы әкімдігі балалардың тегін секциялар мен үйірмелерге баруы үшін Damubala жобасына 16,2 млрд теңге бөлінді. Бұл туралы Ерболат Досаев Жетісу ауданының тұрғындарымен кездесу барысында...