20 C
Нур-Султан
03.06.2023

«9 миллион қаралым»: Жамбылдық ұстаз оқушыларды биологияға қалай қызықтырып жүр?

Жастар Instagram, TikTok-қа ән айтып, би билеген видеоларды жүктесе, жамбылдық жас мұғалім Бекнұр Наметілдә қызық сабақтардан видео дайындап, оқушылардың жүрегіне жол тауып отыр.

«Ойын-сауық бейнероликтердің қаралымы бастапқыда аз болғанымен, кейін оқушылардың назарын аударып алдым. Роликтер мектепке қажет, пайдалы дүниемен ұштасып жатса, оның несі айып», — дейді Бекнұр Наметілдә.

Жас маман жоғары оқу орнын бітірген соң, еңбек жолын 2021 жылы Жамбыл ауданы №6 мектеп-гимназиясында биология пәнінің мұғалімі болып бастаған. Ауыл мұғалімінің сабақтардан ролик түсіру туралы идеясы «Қазақстан мұғадімдері» байқауына қатысқаннан кейін туындағанын айтады.

TikTok әлеуметтік желісін былтыр қазаннан бастап қолдануды үйрендім. «Қазақстан мұғалімдері» байқауында платформада #ҚазақстанМұғалімдері, #УчителяКазахстана хэштегі арқылы өз пәні туралы шығармашылық және танымдық бейнероликтер жарияладық. Байқауда жүлдегер атанбасам да, ең алғашқы салған видеоролигім 9 миллион қаралым жинады», — деп түсіндірді.

Жаңашыл ұстаздың түсірген видеоларының бірінде сыныбымен бірге ән шырқайды. Сабаққа келген оқушыларын тосынсын жасап, күтіп алған видеороликтерінің де қаралымы жоғары.

Жаңашыл ұстаздың видеоларын 40 мыңнан аса оқырман тамашалап, қызығушылық танытып жүр.

«Балалар биология пәнін оңай меңгеріп алғанын қалаймын. Сабақты еркін форматта өткізетінім де сондықтан. Оқушылармен еркін әңгімелесемін. TikTok-ты қызықтайтын оқушыларды қызықтыру қиын. Осындай қадамға барғаным да сондықтан», — дейді жас мұғалім.

Tikтok-пен терең білім беремін деу қате, әрине. Оған  платформадағы уақыт жетпейді. Бірақ педагогтың айтуынша, биологияны үйренуге, білуге талпындыруға қысқа роликтердің өзі жеткілікті көрінеді.

«Менің оқырмандарым, тек оқушылар ғана емес. Олардың арасында оқушыларым, басшыларым, әріптестерім, ата-аналар да жүктеген өнімдерді көріп, пікір білдіріп тұрады. «Сабақтағы әдіс-тәсіліңізді қолданып көрдім, тиімді екен» деген мұғалімдер де болды», -деді Бекнұр Нәметілдә.

Дереккөз: Мassaget.kz / А.Сырымбет

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...