12 C
Нур-Султан
03.06.2023

«Біздің ұрпақ құндылықтар соғысының құрбаны, күнкөріс қамының жемтігі болып жатыр» – Аятжан Ахметжанұлы

Әлеуметтік желілерде дүмпу тудырып, жатқан әлімжеттік оқиғаларға жаным түршіксе де, сала маманы ретінде ешқандай таңғалмадым.

Өкіншіке, бұндай оқиғалар біздің елде өте көп. Кейбірін елестетудің өзі қиын. Сіздер көріп, талқылап жатқандар желіге шығып кеткен, видеосы тарап кеткен, бірең саран оқиғалар…

Ал, жабулы қазан жабулы күйде қалып жатқан бұндай оқиғалар мыңдап саналады. Неге?

Себебі, құзырлы органдардың барлығы бұндай оқиғаларды үнсіз жабуға, ешкімге білдіртпей қоя салуға, ешқандай заңды қатаң шара қолданбай, үнсіз жаба салуға тырысады.

Себебі, бұндай оқушыларды тіркеуге алу мектеп үшін, директор үшін таяқ жеу. Одан басқаның ештеңесі де кетпейді. Бір оқушыны тіркеуге қою директорға, мектепке қаншама жерде артық сөз естуге, жаза алуға әкеледі. Сондықтан, бәрі жақсы деп жабуға тырысады.

Әйтпесе, елдің түкіпір-түкпірін аралап, барған жерімде ұстаздармен, мектеп директорларымен көп сөйлесетін адам ретінде елімізде жас өспірімдер мен балалар арасындағы қылмыс өршіп тұрғанын үнемі естиміз. Әліміз келгенше ақыл кеңесімізді беріп жүрміз.

Себебі неде? Неге қылмыс көп. Талдау ауыр.
Ең алдымен, отбасында да, мектептерде де де тәрбие процесі әлсіреп, көктемдегі көтерем қойдай өлгелі тұр. Тәрбиені ұранмен, уралап айғайлаумен шатастыратын жұрт одан көп. Тәрбие сөз емес іс екенін, тәрбие ұран емес, өнеге екенін білмейтін жұрт көп.

Еліміздегі отбасылық проблемалар одан ауыр. Баланың тәрбиесі әке шешеден алыстады. Телефон, әлеуметтік желідегі бей бастақтықтар мен қатыгездікпен тәрбиеленіп жатқан ұрпақ соны қайталаумен «концерт» қойып жүр. Тіпті, баласы туралы хабарласаң, оған қарайтын уақытым жоқ деп айғай салатын ата-аналар да көп. Тәрбиеге мұқтаж бала емес, тәрбиеге мұқтаж ата-ана, тәрбиеге мұқтаж қоғамбыз.

Мектептердің жағдайы жалған сапа қуудан аспай тұр. Ата-ана баласының мектептің рейтинг қуудан шығатын жалған бағаға алданып мәз болады. Ал, ол жалғандық түбі осындайға дейін жеткізерін өзгелер түсінбей ме, түсінгісі келмей ме белгісіз. 100 қойдан, 150 қозы алатын социссиалистік жарыс жалғасып жатыр.

4000 мың оқушысы бар мектепте мың үздік оқушы бар, бірақ, бірде бір құқық бұзатын тентек бала жоқ, бірде бір бұзақы бала жоқ. Құжат жүзінде әрине.
Ал, іс жүзіндегі жағдайды зерттеп қарасаң жаның қысылып кетуі мүмкін.

Айта берсең сөз көп. Тәрбие процесін ұлттық таным мен қазақы болымысқа бағыттап, шындыққа тура қарап әркетке көшпесек, білім беру үдерісінде жалғандықтан арылып, жауырды жаба тоқуды қоймасақ біздің көретініміз әлі алда.

Біздің ұрпақ құндылықтар соғысының құрбаны, күн көріс қамының жемтігі болып жатыр. Ауыр болса да шындығы осы.

Көп нәрсе айтуға болады. Бірақ, әттең жартасқа бардым, күнде айғай салдым, одан да шықты жаңғырық, — деген Абай атамыздың хәлі де жоқ бізде, біздің сөзден жаңғырық та шықпайды. Себебі, жауапты тұлғаларға проблеманы ашып айта бастасаң, не қыласың, қойсайшы, сабыр, көш жүре түзеледі, өзіңді ойла, бір өзің не өзгертесің…. ой бір қора ақыл естіп үнсіз күрсініспен қоясың да, Дон Хикот тірліңмен жалғасты басыңды жарға ұрпып жанталаса бересің…

Өмір осылай өтіп жатыр ғой, 13 жыл ұстаздық ғұмырда…
Ал, сіздер бүгін ғана осы қатыгездікке тап болғандай шок болып отырсыздар….

Аятжан Ахметжанұлы Facebook парақшасындағы жазбасын

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...