21.02.2024

Түлектердің обалы кімге? – Білім саласының маманы грант мәселесін сынға алды

Білім саласында жылдар бойы шешілмей, көпшіліктің көңілінен шықпай сынға қалып жатқан тұстар жетерлік. Солардың бірі – грант мәселесі. Игерілмей қалған грант пен грантқа түсе алмаған түлектер деген екі ұғымның қисынсыздығы расымен көпшілікке түсініксіз. Ата-аналар мен оқушылар, балалардың тағдырына алаңдайтын ұстаздар да осы мәселенің реттелгенін күтіп жүр. Осы орайда мектеп оқушыларын ҰБТ-дан сүрінбей өтіп, армандары мен мақсаттарына қол жеткізулеріне көмек көрсетіп, тестің қыр-сырын үйретіп келе жатқан QAZBILIM орталығының атқарушы директоры, білім саласының маманы, химия пәнінің мұғалімі Гүлбану Қанай көпшіліктің жанайақайын жеткізіп, олқылықтарды тізіп берді. Оның айтуынша Ғылым және жоғары білім министрлігі онсыз да жасалуы керек жұмыстарын жарияламай, нақты көкейкесті  маңызды мәселелерге қатысты жаңалықтар жариялауы керек.

«Жылдан жылға жалғасып жатқан өтірік…

Жақында ғана бір жылда үшінші рет гранттарды қайта тағайындау өткен болатын.

Былай қарасақ «игерілмей қалған грант» дегеннің өзі күлкілі. Оқушылар мен ата-аналар «грант аз, грант жоқ» деп жүреді. Ал мемлекет жыл сайын «біз президенттің тапсырмасымен бәленбай мың грант тағы қостық» деп жар салады.

Осы екеуінің қиылыспайтын негізгі себебі — қай мамандыққа қанша грант бөлінгенін ең соңғы сәтте ғана, грант конкурсына құжат өткізер сәтте хабарлауы.

Елестетіңіз, осы кезге дейін жыл сайын оқушылар қайда, қандай мамандыққа, қанша грант бөлінетінін білмей таңдау пәндерін таңдайды. Негізінен дайындыққа 11-сыныпта күш салады ғой. Жыл басынан таңдап дайындалады да, ал грант туралы мамандыққа сәйкес пәнін таңдап, дайындалып, ҰБТ тапсырып, нәтижесін қолға алған соң бірнеше күннен(аптадан) соң ғана біле алады.

Ең жаманы, шығармашылық мамандықтарды таңдайтындарға обал. Себебі оларда басқалар сияқты 4 таңдау да жоқ. Өзі таңдаған мамандықты тек бір ЖОО-ға барып емтихан тапсыра алады. Ал грант саны шыққанда ол ЖОО-ға сол мамандық бойынша грант бөлінбейтінін көреді. Логикаға сыймайды.

Мысалы, 2021 жылы «Жалпы медицина» мамандығына бөлінген грант саны бірден 2147-ден (2020 жылы) 1575-ке дейін кеміп кетті, яғни -572 грант. 2020 жылы басталған пандемиядан соң көпшілігі бұл салаға қажеттілік артады деп ойлаған. Дәл сол жылы «Ақпараттық қауіпсіздік» мамандығына 2020 жылдан 1552 грант көп бөлінген, яғни жалпы жапы саны — 2152-ге жетті. Бір мамандықтың грант саны 500-1500 ауқымда бірден өзгеріп кетуі және оны құжат қабылдауға 1 апта ғана қалғанда жариялау дұрыс па?! Бұл тек бір ғана мысал. Ал ондай мысал жеткілікті…

Соңғы жылдары Ұлттық тестілеу орталығы жыл сайын кейбір қосымша білім беру орталықтары мен ҰБТ бағытында жұмыс жасап жүрген мамандарды шақырып, осы саладағы мәселелерді талқылауға салады. Бірақ дәл осы грант саны туралы неше рет талқыға түсіп, жыл сайын уәде берілсе де, бұл мәселе әлі шешілмей келеді.

Осының кесірінен бір жылда грантты бірнеше рет тағайындау жүреді. Себебі дәл алдыңғы мысалдағыдай бөлінген грант саны мен соған сәйкес бейінді пәндерді таңдаушылар қатынасы сәйкес келмей қалады. Содан бір мамандықта бір грантқа 5 адам таласса, енді бірінде 50 балл алғандар да түсіп, грант артылып қалады. Осыдан соң әрине «әділетсіздік» туралы айтады.

Сонда мемлекеттің қаржысына ешкімнің жаны ашымай ма? Ал түлектер ше? Олардың обалы кімге?

Биыл да дәл сол жағдай, былтырғымен санасақ грант ҰБТ-сына 40-ақ күн қалды.

Ғылым және жоғары білім министрлігі бұл тізім желтоқсанда жарияланады деген… Білдей бір министрліктен еліміздің үздік ЖОО-ларындағы «компьютер кабинетінің ашылғанын», «жатақханаға жөндеу жұмыстары жасалғанын», т.б. былайша айтқанда, онсыз да жасалуы керек жұмысты жаңалық етіп жариялағанын емес, осындай маңызды жаңалықтарды күтеміз!

Тағы бір маңызды нәрсе былтыр болашақ дәрігерлер мен педагогтер тапсыруы тиіс арнаулы емтихан мен психометриялық тестті ЖОО-лар құзыретінде болған. Нәтижесінде жай ғана «для галочки» өтетін формальды емтихан үшін бәрі сабылып бір қаладан екінші қалаға, ауылдан облыс орталығына баруға тура келді.

Ал грант конкурсына құжат тапсыру бөлек жыр…

Жыл сайын таяқ жесек те сабақ алмаймыз ба? Осындай маңызды мәселелер қашан уақытылы орындалар екен…», деп жазды Гүлбану Қанай өзінің Facebook парақшасында.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...