20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Елімізде футбол менеджменті бойынша білім беру бағдарламасы іске қосылды

Алматы қаласында Қазақстан футбол федерациясы және Almaty Management University арасындағы меморандум аясында білім беру бағдарламасын іске қосуға байланысты ресми іс-шара өтті. Жобаның негізі мақсаты – футбол индустриясында менеджменттің біліктілігі мен компетенциясын арттыру, деп хабарлайды inbusiness.kz.

Ашылу салтанатында Қазақстан футбол федерациясының президенті Әділет Барменқұлов, УЕФА ұлттық қауымдастықтарды стратегиялық дамыту департаментінің директоры Илья Китич және AlmaU университетінің ректоры Гульнара Куренкеева сөз сөйледі.

«Қазақстан футбол федерациясы УЕФА қолдауымен, AlmaU университетімен бірлесіп, білім беру бағдарламаларын іске қосады. Жыл сайын мыңнан астам мамандарды даярлау қажет. Қазіргі таңда біздің стратегиямызды жүзеге асыруға мамандардың 30 пайызы ғана бар. Жаңа мамандарды дайындау мен коммуникация жүйесін орнатуға баса назар аударамыз. Қысқа мерзім ішінде жобаны жүзеге асыру керек. Біздің қолымыздан келеді деп ойлаймын», — деп атап өтті ҚФФ президенті Әділет Барменқұлов.

«Футболды ұйымдастыруды басқару» тақырыбына арналған алғашқы білім беру бағдарламасы 27-29 наурыз аралығында өтті. «Қайрат» футбол клубының Т.С.Сегізбаев атындағы жасөспірімдер академиясында ұйымдастырылған білім беру курсына отандық футбол клубтардың жетекшілері қатысты.

Интенсив бағдарламасында дәріс беру үшін AlmaU университетінің тәжірибелі ұстаздары шақырылды. Олар – Владимир Мацов, Екатерина Милютина және Расима Баязитова. Сонымен қатар үш күндік сабаққа британиялық Ковентри университетінің профессоры Майкл Анагносту арнайы шақырылды.

Курс аяқталғаннан соң қатысушыларға ҚФФ және AlmaU-дың сертификаттары мен арнайы белгілері берілді.

Білім беру курсынан өткендер – Эрнис Есмағамбетов, Жандос Ахметов, Арслан Беспаев, Любовь Крайнова, Игорь Павлюк, Юрий Бондаренко, Ғалымжан Каниев, Ахмад Амиров, Асылбек Шауалиев, Федор Симиниди, Мақсат Байжанов, Серікбай Өтегенов, Әлібек Нұртаев, Садық Мұстафа, Жәнібек Орымбаев, Владислав Казанков, Азамат Әшімов, Бауыржан Әбдубайытов, Мэлс Қарамысов, Манарбек Ержанов, Оралбай Жақсымбетов.

Келесі білім беру курсы сәуір айының соңында онлайн форматта өтеді. Бұл бағдарлама футболға қызығушылық танытқан және  футбол индустриясын дамытуға ниет білдірген азаматтарға арналады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...