20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер альянсы құрылды

Алматыда алғаш рет Industry Advisory Board форумы өтті. Іс-шараның ұйымдастырушысы – AlmaU-дың Технологияларды коммерцияландыру орталығы, деп хабарлайды Ғылым және жоғары білім министрлігі.

Industry Advisory Board (Салалық консультативтік кеңес) – бизнес, салалық кәсіпорындар мен жетекші ғылыми университеттер арасындағы өзара байланысты ашық орнату үшін құрылған платформа.

Форумның жұмысын ҚР Ғылым және жоғары білім министрінің м.а. Саясат Нұрбек ашты.

«Университеттегі ғылымды дамыту – маңызды бағыт. Біздің университеттердің көпшілігі teaching university деңгейінде. Олардың ғылыми-зерттеу университеті форматына ауысуы өте маңызды. Бүгінгі таңда ғылымға бөлінетін қаржы 3,5 есе артты. Қазір мақсатты қаржыландыру форматы мен бағдарламасы қайта қаралып жатыр. Университеттерге өсу нүктелерін қалыптастыруға мүмкіндік беретін алғаш рет «мега грант» ұғымы (қаржыландыру тұрғысынан) енгізілуі мүмкін», — деді Саясат Нұрбек.

Форумда коммерцияландыру бойынша ғылыми университеттер Альянсының құрылғаны туралы жарияланды. Он университет AlmaU-мен меморандумға қол қойды: ҚазҰУ, Satbayev University, АЭжБУ, ҚазҰМУ, ҚазҰАЗУ, ҚБТУ, ҚАТУ, Shakarim University, ЯФИ және Азаматтық авиация академиясы. Олардың сегізі күрделі салалық міндеттерді шешуге және қосылған құны бар жаңа өнімдерді жасауға бағытталған ғылыми-зерттеу жобаларын таныстырды. Ал салалық кеңес мүшелерінен тұратын қазылар алқасы сұрақ қойып, құнды кеңестер берді.

Салалық консультативтік кеңес қазіргі уақытта Siemens, Microsoft, MC, Honeywell, Coca Cola сияқты әлемдік көшбасшылардың өкілдерін қоса алғанда 22 мүшеден тұрады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...