20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілмек

Оқу-ағарту министрлігіне бірқатар қосымша құзырет берілуі ықтимал. Тиісті Үкімет қаулысы көпшілік талқылауға шығарылды, деп хабарлайды QAZBILIM aқпараттық агенттігі ҚазАқпаратқа сілтеме жасап.

Жаңа өзгеріске сай, енді аталған ведомствоға мына құзыреттер берілмек:

— 12 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау қағидаларын бекіту;

— 14 жастан 35 жасқа дейінгі балалар мен жастарды патриоттық танытқаны және белсенді азаматтық ұстанымы үшін ерекшелік белгісімен наградтау жөніндегі іс-шараларды жүзеге асыратын ұйымды айқындау;

— мемлекеттік білім беру ұйымдары қызметкерлерінің үлгілік штаттарын айқындау;

— техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімнің білім беру бағдарламаларын іске асыратын білім беру ұйымдарына оқуға түсу кезінде қабылдау квотасының мөлшерін бекіту;

— еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, республикалық бюджеттен қаржыландырылатын білім беру ұйымдарында, сондай-ақ техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрларды даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын бекіту;

— «Өркен» грантын беру қағидаларын және оның мөлшерін бекіту;

— аккредиттеу органдарына, оның ішінде шетелдік аккредиттелген органдарына қойылатын тану қағидаларын бекітеді. Танылған аккредиттеу органдарының, аккредиттелген білім беру ұйымдары мен білім беру бағдарламаларының тізілімін, сондай-ақ оларды оған енгізу, тоқтата тұру және одан шығару негіздерін қалыптастыру және бекіту;

— мектепке дейінгі, орта, техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білім беру ұйымдарын дамыту бағдарламасының құрылымы және оны әзірлеу қағидаларын бекіту.

Министрлік түсіндірмесіне сай, бұл құзыреттерді беру – білім саласын одан әрі дамытуға және оның сапасын арттыруға ықпал етпек.

Қаулы 12 сәуірге дейін көпшілік талқылауда болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...