20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Түрік балалары қазақ тілін үйреніп жүр

Анадолыда қазақша білетін түрік ағайындар аз емес. Солардың бірі – Нежибе Чапар. Ол тілді біліп қана қоймай, көпшілікке насихаттап жүр.

Нежибе Чапар,қырықтан асқан жасында университетке түсіп, қазақ тілін үйренді. Ол қазір көне төте жазуындағы еңбектерді түрік тіліне тәржімалап, туыстас жұрттағы әдебиетімізге мол үлес қосып жүр.

«Қазақ тілін, әдебиетін, мәдениетін үйренген сайын қызығушылығым одан сайын артты. Абайдың, Мағжан Жұмабайдың «Алыстағы бауырыма» өлеңіне, Міржақып Дулатұлының шығармашылығына тәнтімін. Көптеген қазақ ақын, жазушыларының, ғалымдарының еңбектерін қызығушылықпен оқимын. Қазақ әнұранын жатқа білемін. Қаражорға билеп үйрендік. Дипломдық жұмысымда Халел Досмұхамедұлының «Қазақ-қырғыз тіліндегі сингармонизм заңы» атты еңбегін төте жазудан оқып, түрік тіліне аудардым», -дейді студент Нежибе Чапар.

Ұл- қызымен бір уақытта университетте оқыған Нежибе қазақтың қолөнеріне тәнті. Тіпті Стринг Арт деп аталатын шеге мен жезден Мемлекеттік туымызды шебер жасап шыққан. Ерекше туындысын, ұстазына тарту етіпті. Арманы – Түркияда қазақтың ою-өрнегімен безендірілген киім тігу.

«Шегемен жасалған қолөнерге деген қызығушылығым 3 жыл бұрын басталды. Алдымен Түркия туын жасап үйрендім. Одан кейін қазақ туын жасап көргім келді. Себебі бізге қазақ тарихын, қазақ мәдениетін, салт-дәстүрлерін үйретіп, Қазақстанға деген сүйіспеншілігімізді арттырған профессор Гүлжанат ұстазыма өз қолыммен жасалған ерекше сыйлық тарту еткім келді. Менің ойымша, қолдан шеге өнерімен жасалған қазақ байрағы – әлемдегі жалғыз нұсқа»,- деді Нежибе Чапар.

Анкарадағы Хажы Байрам Университетінде жылына 10 студент қазақ тілін меңгеріп шығады. Гүлжанат Құрманғали Ержиласун қазірге дейін ана тілімізді еркін білетін жүзден астам маманды дайындаған. Дегенмен Нежибе жүзден жүйрік шығып, факультетте үлгерімі бойынша алғашқы үштікке кірген.

«Әр жыл сайын қазақ тілін үйренетін 10 шақты студент болады. Соның ішінде, Нежибенің қазақтарға, қазақ тіліне сүйіспеншілігі айырықша. Оның білімге деген құштарлығы мен Қазақстанға деген сүйіспеншілігі ұштасты. Сол үшін осындай ерекше дүниелер туындады. Қазақ тілін үйреткен кезде мен тек тілді үйретіп қана қоймаймын. Міндетті түрде қаражорға билеп үйренулерің керек. Міндетті түрде қазақтың әнұранын жатқа білулерің керек. Міндетті түрде қазақ ақын-жазушыларының шығармаларын білулерің керек. Міндетті түрде қазақтың бір өлеңін жатқа айта білулерің керек»,- деп атап өтті Хажы Байрам университеті профессоры, Гүлжанат Құрманғали Ержиласун.

Дереккөз: Хабар 24

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...