28.04.2024

19-22 шілде аралығында кешенді тестілеу өткізіледі

Кешенді тестілеуге өткен жылдардағы жалпы орта білім беру (орта жалпы) ұйымдарының бітірушілері, техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері, халықаралық оқушылармен алмасу желісі бойынша шетелде оқыған оқушылар, оқыту тілі қазақ және орыс тілдерінде емес жалпы білім беретін мектеп бітірушілері, республикалық музыка мектеп-интернаттарының бітірушілері, сондай-ақ оқу орнын шетелде бітірген тұлғалар қатысады.
Кешенді тестілеу 19-22 шілде аралығында 42 тестілеу өткізу пункттерінің базасында (базалық жоғары оқу орындары), оның ішінде 3 ұлттық өнерге қатысты жоо және 3 Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігіне қарасты жоо-да өткізіледі.
Кешенді тестілеу түсушілердің қалауы бойынша қазақ немесе орыс тілдерінде орта білім берудің оқу бағдарламалары көлемінде төрт пән: мемлекеттік немесе орыс тілі (оқыту тілі), Қазақстан тарихы, математика және таңдау пәні бойынша өткізіледі.
Кешенді тестілеуге қатысу үшін өтініштер қабылдау 20 маусым мен 9 шілде аралығында жоғары оқу орындарының қабылдау комиссияларымен жүргізілді. «Талапкер» деректер базасын қалыптастыру қорытындысы бойынша тестілеуге қатысуға өтініш бергендердің саны 87055-ті құрады, оның ішінде 58990 — ы қазақ тілінде және 28065 — і орыс тілінде, және оның ішінде мектеп бітірушілер – 16422, оқуға жалпы орта білімнен (11 сыныптан) кейін түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері – 22442, оқуға негізгі орта білімнен (9 сыныптан) кейін түскен техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының бітірушілері — 48191.
Өтініш қабылдау қорытындысы бойынша Ұлттық тестілеу орталығымен емтихан материалдары дайындалып, тестілеу өткізу үшін оны аймақтарға жеткізу жүзеге асырылды.
Тестілеуді өткізу тәртібін сақтауға бақылау жүргізу жоғары оқу орындары қызметкерлері құрамынан жасақталған Министрлік өкілдерімен жүзеге асырылады.

Базалық жоғары оқу орындары бойынша ТКТ өткізу мерзімі туралы ақпарат

Тестілеу күні Тестілеу өткізу пункттерінің саны(базалық жоо) Тестілеуге қатысушылардың саны
барлығы қаз орыс
19 шілде 30 28675 17963 10712
20 шілде 33 26707 17650 9057
21 шілде 27 21982 15157 6825
22 шілде 15 9691 8220 1471
БАРЛЫҒЫ: 87055 58990 28065

kazbilim.kz

-ЖАРНАМА-spot_img

ОСТАВЬТЕ ОТВЕТ

Пожалуйста, введите ваш комментарий!
пожалуйста, введите ваше имя здесь

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА