20 C
Нур-Султан
03.06.2023

9 жасар бала қазақ зиялыларының туған жылын жатқа біледі (ВИДЕО)

Әкімдерді жатқа білетін 9 жасар зайсандық бала көпшілікті таңғалдырып жүр. Ол қазақ зиялыларының туған жылын және облыс, қала әкімдерімен қоса, аудан, ауыл әкімдерінің есімін жаттап алған. Massaget.kz тілшісі дарынды баланың анасымен және Мағжанмен сұхбаттасқан.

Мағжан Нұржанұлы 9 жаста. Ол — Зайсан ауданындағы Мұрат Дәуленов атындағы мектеп-интернатының 3-сынып оқушысы. Анасы Мақпал Құмарқызы — мектепте ағылшын тілі пәні мұғалімі, ал әкесі — Шығыс Қазақстан облысы Зайсан ауданы Сарытерек ауылдық округінің әкімі.

Жастайынан зерек бала әкімдер есімін неге жаттап жүргенін айтты.

«Өзім жаттаймын. Көбіне сайттардан қараймын. Менің бүкіл әлемге қызығушылығым бар. Сол үшін әкімдердің есімін жаттаудан бастауды жөн көрдім», — дейді ол.

Анасының айтуынша, отбасы Мағжанның кішкентайынан есте сақтау қабілеті жақсы екенін аңғарған. Ол бос уақытында кітап оқығанды, ұлы адамдар жайлы мәлімет жинағанды жақсы көреді. Тіпті қазақ зиялыларының туған жылын жатқа біледі.

«Кішкентай кезінен барған жерінің жолын ұмытпайды. Бала болып ойыншық ойнап көрмеген, бар білгені — кітап оқу. Бұл жағынан әкесіне тартқан», — дейді анасы.

Кішкентай Мағжан қандай кітапты сүйіп оқитынын, қай ақынның шығармашылығы ұнататынын айтты.

«Абай жолын», түрлі ертегілерді оқыған ұнайды. Одан басқа, Мұқағали Мақатаевты оқимын. Ал ең сүйікті шығармам — «Отан», — дейді бала.

Мағжан — үйдің үлкені. Артында Сезім есімді қарындасы бар. Мағжанның басқа балалардан ерекшелігі — ол ұялы телефон арқылы ойын ойнамайды. Оның орнына, зерек бала ғаламтордан ұлы тұлғалар туралы мәліметтерді іздеп оқығанды ұнатады. Мектеп мұғалімері де баланың дарынын айтып, зерек зейінін байқаған.

«Болашақта хирург болуды армандаймын. Мен дәрігер болсам, алдымен атама, ата-анама көмектесемін», — дейді зерек бала.

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...