20 C
Нур-Султан
03.06.2023

«Наурызды асыға күтіп, ерекше көңіл бөлеміз»: «QazBilim» орталығы Ұлыстың ұлы күнін атап өтті

Бүгін «QazBilim» орталығы жыл басы саналатын Наурыз мейрамын атап өтті. Білім ордасы келген мейманды ұлттық мейрамымыздың сипатына сай әсем әуен, күмбірлеген күй және мол дастарханмен қарсы алды.

Айналаңда ұлттық киім киген білімге жаны құмар ұстаздар мен балалар. Сыңғырлаған күлкі, түрлі жарыстар мен ойындар. Білім ордасындағы саналы жас ұрпақтың бүгінгі көңіл күйі осындай. Аятжан Ахметжан бастаған ел ағалары, қоғам белсенділері мен ұстаздар жүрекжарды тілектерін айтып, сөз сөйледі.

Басшылықтың айтуынша, білім ордасы басқа мерекелерге қарағанда Ұлыстың күніне ерекше назар аударады.

«Наурыз — «QazBilim» ортылығында аталып өтетін бас мерекелеріміздің бірі. Тәуелсіздік күні мен Наурызды оқушылар мен ұжым болып, жақсы атап өтеміз. Наурызды асыға күтіп, ерекше көңіл бөлеміз», — деді орталықтың директоры Гүлбану Қанай.

Оған қоса, мерекелік шараның ерекшеліктерін атап өтті.

«Оқушылар өз өнерін көрсетеді, түрлі ойындар ойнатылады. Арқан тартыс, тоғызқұмалақ сияқты ойындар, кір тасын көтеруден жарыс және Наурызға байланысты сұрақ-жауап болады. Оқушыларға барынша мерекеге сай көңіл-күй сыйлауға тырысамыз», — дейді «QazBilim» директоры.

Расында оқушылар бұл күні ерекше көтеріңкі көңіл-күйде екені бірден байқалды. Білім-ілімге құштар жастардың бұл мейрамды ұлықтап, лайықты атап өтеміз деген дайындықтары сезілді.

«Мен осы орталықта қыркүйек айынан бастап білім алып жүрмін. 6-7 ай болып қалды. Бұл орталық ең бірінші сапалы білім беретіндігімен ұнайды. Ұстаздарымыз өте білімді, тақырыпты жақсы түсіндіреді. Мектепте түсінбегенімізді осы жерде естеқаларлықтай етіп түсіндіреді. Балалар да білімге құштар, өте қарапайым, бауырмал. Мектепте тек дастархан басында шай ішіп атап өтсек, бұл жердегі Наурыз мүлде басқа атмосфера сыйлайды. Мол дастархан жайылды. Енді ән-би шашу болады, бізді қызықты ойындар күтіп тұр», — деді оқушы, Ақбота Толтаева.

Айдарбаева МАРЬЯ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...