-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

«Бұл жолы университеттерде үгіт-насихат жүргізілген жоқ»: Саясат Нұрбек студенттердің дауыс беруі туралы айтты

Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек студенттерді заңсыз әрекеттерден қорғау мақсатында қабылданған шаралар туралы айтып берді.

Саясат Нұрбек елордадағы №111 сайлау учаскесінде өз таңдауын жасады.

«Біз студенттер сайлауға ұйымдасқан түрде қатысуға мәжбүр болады деген дәстүрлі сынға өте байыпты қарадық. Барлық ректорларға, деканаттарға, кафедраларға маңызды нұсқаулар берілді. Арнайы ахуалдық орталықтар құрылды, сондай-ақ, министрлік жанынан арнайы лауазым құрылды – студенттердің құқықтарын қорғау жөніндегі омбудсмен, ол — Айсұлу Ерниязова. Осы алты айда ол барлық студенттермен, студенттік ұйымдардың президенттерімен жеке танысты. Кез-келген студент, егер оның құқықтары бұзылды немесе қысым жасалды деп санаса, оған тікелей жүгіне алады. Әр студент өз таңдауын жасайды. Біздің жоғары оқу орындарындағы кеңестердің шешімдерімен бұл жолы университеттер ішінде үгіт-насихат жүргізілген жоқ», — деді Саясат Нұрбек.

Azattyq Rýhy

 

 

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...