-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Қазақ баласы әлемдегі ең үздік оқу орнынан шақырту алды

12 сынып оқушысы Ерсұлтан Питебай Массачусетс технологиялық институтынан шақыру алды. Қазақстандық оқушы өз арманын қалай жүзеге асырғанын айтып берді.

18 жастағы Ерсұлтанның айтуынша, оның шетелде білім аламын деген арманы сегізінші сыныптан басталған. Физиканы пәніне де қызығушылығы осы кезде арта бастаған.

«Бес жылдан бері түрлі олимпиадаларға қатысып келемін. Сегізінші сыныпта алғаш рет республикалық, одан әрі физика пәнінен Халықаралық олимпиадаға қатысып, екі алтын және екі күміс медаль жеңіп алдым», — деді Ерсұлтан.

Американың беделді университетіне түсу үшін оқушы бір жылға жуық дайындалған. Емтихан тапсырып, эссе жазған.

«Оқуға түсу жетістіктермен және емтихан нәтижесімен шектелмейді. Құрдастарыма айтатын кеңесім – сүйікті іспен айналысып, көп еңбектену қажет. Осы жолда маған қолдау көрсеткен ата -анама және мұғалімдеріме рахмет айтамын»,-деді Алматы қаласы физика-математика бағытындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы.

Американың ЖОО-ны бітіріп, елге келген соң Ерсұлтан Питебай физика саласын зерттеуді жалғастырып, отандық ғылымның дамуына өз үлесін қосуды жоспарлап отыр.

Айта кетейік, Массачусетс технологиялық институты әлемдегі рейтингі жоғары оқу орындарының бірі. Робототехника және жасанды интеллект саласында жетекші білім ордасы.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...