-19 C
Нур-Султан
07.12.2023

«Қазақтілді көмекші, тыңайтқыш, мобильді қосымша»: Өнертапқыш оқушылардың жаңалықтары мен жетістіктері

Қазір техника мен технология заманында жаңалық ашып, елді таңқалдыру мүмкін емес болып көрінуі мүмкін. Алайда, оларды ойлап тапқан кімдер? Тіпті роботтар мен жасанды интеллект жан-жақты дамып жатқанымен, оларды ойлап тапқандардың өзі адам баласы емес пе? Ой — шексіз әлем. Тарихқа үңілсек өнертапқыштар 5 жасар баладан бастап 90-нан асқан қариялардың өзі түрлі салада жаңашылдық әкеліп, әлемді жақсартуға өздерінің үлестерін қосқан.

Дамушы ел саналатын еліміз де ғалымдарға кенде емес. Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бастамасымен ғыдым мен білімге бет бұрғандарға барынша мүмкіндік жасау, қолдау көрсету тапсырылып келеді. Осы орайда назарларыңызға мектеп жасындағы балалардың түрлі салада көрсетіп жүрген жетістіктері мен жаңалықтарын жинақтадық.

Қазақтілді дыбыстық көмекші

Қостанайлық оқушылар ойлап тапқан бұл құрал кез-келген сұрағыңызға дәлме-дәл жауабын беріп, шешу жолдарын табуға көмектеседі. Құрылғының аты – Ева, оны ойлап табуға үш ай уақыт кеткен. Көмекші құрал қазақ тілінді қойылған сұрақтарды түсініп, сұрақтарыңызға жауап береді, осылайша адамның тұрмысын жеңілдетеді дейді авторлары.

Бұл құрылғыны расымен өзіңіздің көмекшіңіз деп ойласаңыз болады. Оның ауа райын айтуға, берілген есептің шешімін табуға мүмкінідігі бар. Ең бастысы интернетсіз де қолдануға болады, қашықтан басқару да ойластырылған.

Құралды ойлап тапқан өнертапқыштар өз туындыларын тұрмыста қолданылуын кеңейтуді ойлайды.

Зорлық-зомбылық құрбандарына арналған мобильді қосымша

Елімізде зорлық-зомбылық мәселесі өзекті болып тұрғаны шындық. Зорлық-зомбылық құрбаны болудың алдын алып, көмек шақыруды жеңілдететін құрылғы қажет екенін көрсеткен болар. Haileybury мектебінің оқушылары зорлық-зомбылық құрбандары үшін Tozbe арнайы мобильді қосымшасын ойлап тапқан. Құрылғы үш тілде: қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде қызмет көрсетеді. Оны пайдалану үшін, өзіңіз туралы ақпаратты толтырып, телефон нөміріңізді тіркейсіз.

«Адамға қандай да бір қауіп төнсе, пайдаланушының мекен-жайы  SMS түрінде жіберіледі. Сондай-ақ, оқиға орнында не болып жатқаны дыбыстық жазба болып сақталады», – дейді әзірлеушілер.

Бұл кітап оқуға арналған қосымшаға ұқсас, ашсаңыз экранның бұрышында жасырын батырма бар, соны бассаңызбірден Tozbe қосымшасына өтесіз.
Тамақ қалдықтарынан тыңайтқыш өндіру

Шымкент Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары мейрамханалар мен дәмханалардан шыққан тамақ қалдықтарын қайта өңдеп, олардан тыңайтқыш жасауды қолға алған. Ал қаладағы кәсіпкерлер, жас өнертапқыштарға қолдау көрсетуге дайын. Бұл қондырғының өзіне сай артықшылықтары бар:  бағасы қолжетімді және көп электр қуатын талап етпейді.

Қондырғы 10 келі қоқысты бір жарым сағаттың ішінде тыңайтқышқа айналдырады. Биыл шаһардағы қоғамдық тамақтану орындарынан шыққан қалдықтар қайта өңделе бастайды.
Шымкенттік оқуышылардың бұл жобасы Біріккен Ұлттар Ұйымының  Даму бағдарламасындағы  жарыста жоғары бағаланған.

Көкпарды цифрландыру 

Елордалық оқушы Ибрахим Әмірбек, көкпарды цифрландырып арнайы қосымша мен тіпті сайт ойлап тапқан жас өнертапқыш. Оқушының айтуынша оның атасы көкпар тартқан, ұлттық спорттың тарихын атасынан біліп, қызығушылығы артып, қосымша жасауды қолған.  Ол ойын туралы мәліметтерді жазатын майкрософт аксес пен жабдықтау ойлап тауып жатыр. Көкпар ойыны қашан және кіммен болатыны, қай жылқы ойнайтыны, ойыншы палуандар мен жылқылардың есімдері болады.

Шыны керек, көкпар ойыны туралы ақпарат көп емес, қосатынымыз әлі бар. Осындай жас ұрпақ өткенін ұмытпай, ұлтық құндылықтарымызды насихатауды қолға алып жатса тарихымыз өшпей одан әрі жанданатыны сөзсіз.

Мемлекет басшысының тапсырмасымен жастарды қолдау, ғылымда жаңалық алып келуге жағдай жасау жұмыстары жылдан жылға күшейте түсетініне сенеміз. Өйткені, ел келешегі жастардың ойшыл азамат болуы, еліміздің тұрақты дамуына және баянды болашағына жол ашады.

Айдарбаева МАРЬЯ

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мектеп директоры штатты өз еркімен өзгерте алады – заң

Білім бері ұйымдарының еркіндігі кеңейтіледі. Бұл туралы Мәжілістің жалпы отырысында «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне білім беру және тәлімгерлік мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар...

Министр Ғани Бейсембаевтың отставкаға кетуін талап етеміз!

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫНЫҢ ПРЕЗИДЕНТІ ТОҚАЕВ ҚАСЫМ-ЖОМАРТ КЕМЕЛҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТІ МӘЖІЛІСІНІҢ ТӨРАҒАСЫ ҚОШАНОВ ЕРЛАН ЖАХАНҰЛЫНА ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ПАРЛАМЕНТ МӘЖІЛІСІНІҢ ДЕПУТАТТАРЫНА ҚАЗАҚСТАН МҰҒАЛІМДЕРІНЕН АШЫҚ ХАТ Құрметті Қасым-Жомарт Кемелұлы! «Халық түзелуінің үміті жастарда, сондықтан...

Қазақстанда ғалымдарға академиялық демалыс беріледі

Енді отандық ғалымдар ғылыммен айналысу үшін демалыс ала алады. «Ғылыммен айналысу үшін демалыс беру әлемде бар тәжірибе. Көп елдерде ғылым саласында 10 жылдан астам жұмыс...

Түркістан облысының ұстаздары Токиода тәжірибеден өтіп жатыр

Түркістан облысындағы үздік деп танылған 15 оқытушы Токиодағы білім саласының барысын зерттеп, тың тәжірибелермен танысуда. Жоба Жапония мемлекеті Білім министрлігінің білім беру саласындағы ұлттық саясат...

Қызылорда облысы Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы аясында білім ошағының іргетасы қаланды

Қазалы ауданында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасымен салынатын 300 орындық мектептің құрылысы басталды, деп хабарлайды облыс әкімдігінің баспасөз қызметі. Айта кетейік, биыл облыста 4 мектепке 1850...