-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Шығыс Қазақстанда ауыл оқушылары көз протезін жасады

Жасанды көзді Шығыс Қазақстан облысы, Марқакөл ауылындағы №1 орта мектеп оқушылары ойлап тапқан. Дария Мұстафина мен Әмір Сайранов жобаларын Наурыз кездесулерінде Оқу-ағарту министріне таныстырды.

«Жасанды көзді үнді робототехнигі Канти Шарманың үлгісімен құрастырдық. Бұл жобаны жасауға өзіміздің сыныптасымыздың жағдайы түрткі болды»,– дейді оқушылар.

Әмір мен Дария жобаны 2 айда жүзеге асырған. Енді олар екінші көз протезін жасап, оны ми нейрондарымен байланысын зерттемекші.

Айта кетейік, 15-17 наурыз аралығында заманауи ғылымның ең өзекті тақырыптарына арналған ғылыми жобалардың көктемгі байқауы өтіп жатыр. 150 жас ғалым жасанды интеллект, робототехника, машиналық ойлау және денсаулық сақтауды енгізу бойынша жүзден астам жобаны ұсынады. Еліміздің барлық өңірлерінен 17 тірек ауыл мектебінің оқушылары өз жұмыстарын таныстырады. Олар 3D биопринтингке, ақылды протездер жасауға, биоинтерфейстерге және заманауи медицинаның басқа да өзекті басымдықтарына арналған.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...