-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Бөбектің ғимараты республикалық Абай мектебіне беріледі

Бөбектің ғимараты республикалық Абай мектебіне берілетін болды. Бұл туралы экс-министр Асхат Аймағамбетов әлеуметік желідегі парақшасында жазды.

Алматы қаласындағы Абай атындағы республикалық мектепке бардым. Бұл еліміздегі қаситетті қара шаңырақ білім ордаларының бірі. Жаңа директордың бастамаларымен, мектепте болып жатқан өзгерістермен таныстым. Былтыр осы мектепті жаңа, заман талабына сай ғимаратқа көшіру туралы шешім қабылдағанбыз. Бөбек орталығына тиесілі екі ғимарат бар. Соның біреуін Абай атындағы мектепке беру – өте орынды шешім болды деген ойдамын. Бұл жұмыс аяғына дейін жеткізіледі деп үміттенемін.

Бұған қоса, партияның бағдарламасында республикалық желілес мектептер құру мақсатында әр облыстағы осындай мектептерден Абай атындағы гуманитарлық мектептер, Сәтбаев атындағы инженерлік мектептер, Жәутіков атындағы IT мектептер желісін дамыту көзделген. Елімізде көбінесе жаратылыстану бағытында білім беретін мектептер желісі бар (НЗМ, БИЛ, РФМШ).

Сондықтан, партияның бағдарламасында қамтылған гуманитарлық, инженерлік, IT бағытындағы білім ошақтарын ашу және оларға қолдау көрсету – маңызды қадам болатыны анық. Бұл мектептер еліміздің ертеңі үшін жаңа сұранысқа ие білікті мамандар шығуы үшін алғашқы баспалдақ болары анық!

Асхат Аймағамбетовтің Facebook парақшасынан

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...