-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Мектеп директорларының жалақысы өседі

Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Сенаттың жалпы отырысынан кейін  журналистердің мектеп қызметкерлерінің айлығын өсіру туралы сұрақтарына жауап берді. Ведомство басшысы мектептегі басшылық лауазым иелерінің айлығын көтеру жұмыстары жүріп жатқанын айтты.

Министр Мемлекет басшысына уәде етілгендей мұғалімдердің жалақысының толық өскенін атап өтті. Жыл сайын мұғалімдердің жалақысы 25% — ға өскен. Биылғы жылы да көлемі 25% — ға ұлғайтылған. Ендігі кезекте мектеп басшыларының айлығын көтеру жұмыстары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Келесі бағытта мектеп басшыларының айлығын да көтеруге мән беруіміз керек. Бұл бағытта да Оқу-ағарту министрілігі біршама жұмыс атқарып жатыр. Пысықтап жатырмыз. Бұл оңай емес, барлық оң және теріс жақтарын есептеу керек. Басшылардың жалақысын көтеруге қолдау көрсетіледі деп үміттенемін», — деп түсіндірді Ғани Бейсембаев.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...