-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

Оқушылардың көктемгі каникул мерзімі белгілі болды

ҚР Білім министрлігі көктемгі демалыстың мерзімін жариялады. Демалыс 9 күнге созылады.

«Мектеп оқушыларының көктемгі демалысы 2023 жылдың 18 наурызы мен 26 наурызын қоса алғанда 9 күнге созылады», — делінген министрліктің баспасөз қызметінің хабарламасында.

2022 жылғы желтоқсанда меншік нысанына және ведомстволық бағыныстылығына қарамастан жалпы білім беретін мектептерде оқу жылының басталуы мен аяқталу мерзімі белгіленді.

Оқу жылының негізгі мерзімі 1 қыркүйек пен 31 мамырды қоса алғанда:

1-11 (12) сыныптардағы оқу жылындағы тоқсандар мен каникулдардың ұзақтығы:

1 тоқсан – 8 оқу аптасы, күзгі каникул – 7 күн (31 қазан мен 6 қарашаны қоса алғанда);

2 тоқсан – 8 апта, қысқы демалыс – 9 күн (31 желтоқсаннан 8 қаңтарды қоса алғанда);

3-тоқсан – 10 апта, көктемгі үзіліс – 9 күн (18-нен 26 наурызды қоса алғанда);

4 тоқсан — 10 апта;

1-сыныпта қосымша демалыстар – 7 күн (6-12 ақпанды қоса алғанда).

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...