-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

3-курс докторанты америкалық байқауда жеңімпаз атанды

Ясауи университетінің «Мемлекеттік және жергілікті басқару» білім беру бағдарламасының 3-курс докторанты Назерке Батырбек АҚШ-тың «Community Engagement Exchange» (Қауымдастықпен тәжірибе алмасу) бағдарламасының жеңімпазы атанды.

Community Engagement Exchange бағдарламасы – XXI ғасырдың маңызды мәселелерін шешу үшін қауымдастықтармен жұмыс істейтін инноваторлардың динамикалық жаһандық желісі. Ахмет Ясауи университетінің шәкірті әлемнің 92 елінен 6300-ден астам үміткер қатысқан осы жобаның финалына шығып, 142 көшбасшының қатарынан көрінді.

Ендігі кезекте Назерке Батырбек АҚШ-тың Детройт және Вашингтон қалаларында 3 айлық тағылымдамадан өтіп, білімін шыңдайды. Тағылымдама барысында АҚШ-тағы беделді мемлекеттік емес ұйымдарда тәжірибе жинақтап, «Ашық үкімет» жобасы аясында шетелдік тәжірибемен танысады. Ал елімізге оралғаннан кейін 6 ай бойы жинаған білімі мен тәжірибесін Қазақстандағы түрлі салаларға арнап, жаңашыл жобаларды жүзеге асырады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...