31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Министрлік жол қауіпсіздігін мектепте жеке пән ретінде оқытуды орынсыз деп есептейді

Оқу-ағарту министрлігінің Орта білім беру комитеті жол қауіпсіздігін мектептерде жеке пән ретінде оқытуды орынсыз деп есептейді. ҚазАқпарат агенттігі министр атына жолдаған сауалына комитет басшысының міндетін атқарушы Зәуре Байменованың қолымен жолданған жауапта осындай ұстаным айтылған.

«Жалпы білім беру ұйымдарында жаңа пәнді енгізу білім объектілеріне қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарында бекітілген апталық оқу жүктемесінің көлемін ұлғайтуға ықпал ететінін атап өткен жөн», — делінген жауапта.

Ведомство дерегі бойынша, ел мектептеріндегі оқушылардың жүктемесі онсыз да дамыған елдер мен ТМД мемлекеттеріндегі нормадан артық.

«Қазіргі уақыттағы оқушылардың апталық жүктемесі Экономикалық ынтымақтастық пен даму, Тәуелсіз Мемлекеттер Достастығының құрамына кіретін мемлекеттермен салыстырғанда сағат саны жағынан асып түседі. Осыған байланысты бүгінде орта білім беру жүйесінде білім алушының оқу жүктемесін төмендету бойынша шаралар қабылданып жатыр. Кешенді жұмыстың жүргізілуіне және білім берудің тиісті деңгейлеріндегі оқу пәндерінің мазмұнында қамтылуына байланысты «Жол қозғалысы ережелері» пәнін жеке пән ретінде енгізу орынсыз деп санаймыз», — деп жазылған комитет мәліметінде.

Еске салсақ, Ішкі істер министрлігі Әкімшілік полиция комитетінің ерекше тапсырмалар жөніндегі аға инспекторы Ақтоты Боранова жүру ережесі сабақтарын мектеп бағдарламаларында жеке міндетті пән ретінде өткізу мәселесі қарастырылып жатқанын еске салған еді.

«Ішкі істер министрлігі Оқу-ағарту министрлігіне жол жүру ережесі сабағын мектеп бағдарламасына жеке міндетті пән ретінде өткізу туралы ұсыныс жолдады. Біздің ұсынысымызды Үкімет қабылдады және мүдделі мемлекеттік органдарға тиісті тапсырмалар берілді», — деген болатын аға инспектор.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...