31 C
Нур-Султан
02.06.2023

«Жайлы мектеп» жобасы неге «Самұрық-Қазына» қорына берілді

«Samruk-Kazyna Construction» АҚ басқарма төрағасы Мәулен Айманбетов «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы неге өздеріне берілгенін түсіндірді.

«Әртүрлі әңгімелер шықты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасы неге «Самұрық Қазынаға» беріліп отыр? Неге әкімдіктер істемейді?» деп сұрап жатыр. Президент Қасым-Жомарт Кемелұлының тапсырмасында айтылды. Үш жылдың ішінде мектеп тапшылығын, үш ауысымды оқыту жүйесін жою керек. Ауылды жерлердің бәрінде дәретхана далада. Көріп отырсыздар, зорлық жасалып жатыр. Үлкен сыныптағылар сырттағы әжетханада кішілерге зәбір көрсетеді. Осы сияқты жағымсыз іс-әрекеттер көбейіп кетті. Осының бәрін қысқа мерзімде салу, әрине, тек EPC платформасында («Инжиниринг-Сатып алу-Құрылыс» қағидаты – ред.) ғана мүмкін. Сол себептен біз осыны Оқу-ағарту министрлігіне, министрлік Үкіметке, Үкімет Президент әкімшіліген жеткізіп, былтыр 28 қыркүйекте шешім шықты», — деді ол БАҚ өкілдерімен өткен брифингіде.

Спикердің айтуынша, жобаны іске асырудың 8 тәсілі қарастырылған.

«Бұл платформада жұмыстың 8 тәсілі болды. Соның ішінде тапсырыс берушінің функциясы жергілікті әкімдіктерден бізге берілді. Әдетте жобалаудың өзі бір жылдан асып кетеді. Соттасып жатса, одан да ұзап кетеді. Бұл платформада ондай болмайды. Жобалауға әр кезеңде сарапшылар көмектесіп отырады», — деді Мәулен Айманбетов.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...