-3 C
Нур-Султан
22.03.2023

Педагогтерді аттестаттаудағы өзгерістер

«Білім туралы» заңның талаптарына сәйкес мұғалімдерді кәсіби шеберлегін, шығармашылық және жалпы ғылыми деңгейін үнемі жетілдіруге міндетті. Шеберлікті растау үшін әр мұғалім 5 жылда бір рет аттестациядан өтуге тиіс.

Жетісу облысының ақпараттық алаңында «Педагогтерді аттестаттау» тақырыбында өткен брифингте Облыстық білім беруді дамыту оқу-әдістемелік орталығының директоры Ғалия Мұхаметова айтты

Білім және ғылым министрінің бұйрығына сәйкес 1 наурыздан бастап аттестаттаудан өтетін педагогтердің құжаттарын қабылдау жұмыстары басталды.

Биыл министрліктің №533 бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Ол қандай өзгерістер? Біріншіден, педагогтерді аттестаттау ережелеріне өзгерістер енгізілді. Мысалы, былтыр №561 бұйрықта педагогтер алдымен тесттен өтіп, содан кейін оның нәтижесі бойынша портфолиосын тапсырса, биыл бұл ереже өзгертілді. Яғни педагог алдымен сараптамалық кеңеске өзінің портфолиосын өткізеді. Кейін сараптамалық кеңес аттестация комиссиясына «сәйкес» немесе «сәйкес емес» деген ұсыныс жасайды. Осының нәтижесі бойынша мұғалім келесі тестілеу кезеңіне қатысады. Аттестацияда педагогтер тест тапсырады және эссе жазады, — деп айтты Ғалия Мұхаметова.

Ол биыл тағы қандай болатынына тоқталды.

Биыл балабақша, мектеп, колледж педагогтеріне «педагог-тағылымдамашы» біліктілік санаты беріледі. Бұл санат тиісті бейіні бойынша педагогикалық немесе өзге де кәсіптік білімі бар немесе қайта даярлау курсынан өткен, педагогикалық қызметке алғаш рет келген, сондай-ақ білім беру ұйымдарында педагогтің бос немесе уақытша бос лауазымына орналасуға конкурс жарияланғанға дейін соңғы 5 жыл ішінде педагогикалық қызметті жүзеге асырмаған, ұлттық біліктілік тестінен сәтті өткен мамандарға беріледі, — деді орталық директоры.

Сонымен қатар колледждерде арнайы пәндер бойынша педагогтер және бейіні бойынша кемінде екі жыл өндірістік өтілі бар оқыту шеберлері лауазымдарына биыл алғаш рет педагогикалық қызметке кіріскен педагогтер ұлттық біліктілік тестінен өтпей-ақ «педагог» біліктілік санатын алады. Яғни өндірісте жұмыс істеп, кейін колледжге жұмысқа ауысқандар тест тапсырмастан біліктілік санатын ала алады.

Онымен қоса 30 жыл және одан да көп жыл еңбек өтілі бар педагогтер, сондай-ақ ескі жүйе бойынша І және жоғары санатты педагогтер педагог-модератор санатына тест тапсырмай-ақ ауысуға мүмкіндік бар.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...