20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Министр педагогикалық университет студенттерімен кездесті

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев Шымкенттегі жұмыс сапары кезінде Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университетінің профессор-оқытушылар құрамымен және студенттермен кездесті.

Тараптар педагогикалық қоғамдастықты дамыту және жас мұғалімдердің құзыреттілігін арттыру жөнінде пікір алысты. Болашақ мұғалімдерді даярлау, заман талабына сай білім беру бағдарламаларын жетілдіру мәселесі көтерілді.

Кездесуде студенттер еліміздің бас педагогіне білім беру сапасы мен жас мұғалімдердің құзыреттілігін арттыруға қатысты сұрақтар қойды.

«Қазіргі жағдайда үш тілді меңгерген білікті мұғалім кез-келген кедергіні жеңіп, жетістікке жетеді. Сіздер түрлі компьютерлік бағдарламаларды меңгеруге, олардың барлық техникалық мүмкіндігін білім беру процесін жеңілдетуге пайдаланып, әлемдік  деңгейдегі сапалы ақпараттық-интеллектуалдық ресурстарды өз бетімен алып, талдай білетін, жаңа идея ұсына алатын, жауапты шешімдер қабылдауға қабілетті жеке тұлға ретінде қалыптасуларыңыз қажет», — деді Ғани Бейсембаев.

Айта кетейік, Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік педагогикалық университеті – еліміздегі педагог маман даярлайтын ірі оқу орындарының бірі. Мұнда 39 мамандық бойынша 7000 болашақ педагог білім алып жатыр.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...