12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Педагогика мен медицина мамандықтарында оқитын студенттердің шәкіртақысы өседі

Педагогика және медицина мамандықтары бойынша білім алатын студенттердің шәкіртақысы көтеріледі. Бұл туралы ашық талқылауға шығарылған Үкімет қаулысында көрсетілген.

Құжатта көрсетілгендей, мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша оқитын студенттерге ай сайынғы шәкіртақы мына мөлшерде белгіленеді:

— даярлаудың педагогикалық бағыттарында және «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерді қоспағанда, жоғары білім беру бағдарламаларын іске асыратын ұйымдарда оқитын студенттерге – 41 898 теңге;

— педагогикалық бағыттарда білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

— «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша білім алатын студенттерге – 67 200 теңге;

— интерндерге – 75 890 теңге;

— магистранттарға – 97 024 теңге;

— «Назарбаев Университеті» дербес білім беру ұйымында білім алатын магистранттарға – 162 500 теңге;

— докторанттарға – 217 500 тенге;

— даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша докторанттарға – 217 500 теңге;

— даярлаудың «Денсаулық сақтау» бағыты бойынша резидент-дәрігерлерге және магистранттарға – 111 579 теңге.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...