21.02.2024

Министр Ақтөбеде жыл сайын қанша мұғалім біліктілікті арттыру курстарынан өтетінін айтты

ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаев пен Ақтөбе облысының әкімі Ералы Тоғжанов өңірдің білім беру саласындағы өзекті мәселелерді нақты шешуді көздейтін бірлескен құжатқа қол қойды.

Ақтөбе облысы әкімдігінің жоспары бойынша балабақшаларда мемлекеттік тапсырыс 18 300 орынға артады. Биыл мектепке дейінгі 26 ұйымға күрделі және 285 нысанға ағымдағы жөндеу жүргізу жоспарланып отыр. Сонымен қатар мектепке дейінгі тәрбиелеу мен оқыту саласының 2500-ге жуық педагогі біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Үш ауысымды және апаттық жағдайдағы мектептерді жою, оқушылар орындары тапшылығы мәселесін шешу үшін облыста 35 мектеп, оның ішінде «Жайлы мектеп» жобасы аясында 17 500 оқушыға арналған 20 мектеп салу жоспарланған. Сондай-ақ 55 білім беру нысанына кешенді жаңарту жасалады.

Өңірдің шағын жинақты мектептерінде «BILIM ALL» жобасы белсенді іске асырылып жатыр.

«Bilim ALL» – ауылды дамытуды көздейтін жобалардың бірі. Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев ұлықтаудан кейінгі алғашқы жарлығын ауылды дамыту мәселелеріне арнаған болатын. Бұл барлық мемлекеттік органдар үшін ауылдың өркендеуін қамтамасыз ету жөніндегі тікелей тапсырма. Жоба аясында облыс орталығының үздік мұғалімдері шағын жинақты мектептердің 10 мыңнан астам оқушысын онлайн оқытып жатыр. Жоба басталған кезде ауыл және қала мектептеріндегі білім деңгейі арасындағы айырма 15% болған, екі айда 3,5% азайып, қазір 11,5%-ға жетті»,– деді Ералы Тоғжанов.

Білім беру ұйымдарында балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге ерекше көңіл бөлінген. Мектептерге 5500-ден аса және балабақшаларға 1500-ден астам бейнебақылау камерасы орнатылады. Бұдан бөлек, білім беру ұйымдарын лицензияланған күзет қызметі, дабыл түймесі және турникеттермен 100% жабдықтау жоспарланып отыр. ҚР Оқу-ағарту министрі Ғани Бейсембаевтың айтуынша, мұндай кешенді әдіс Ақтөбе облысының білім беру сапасын арттыруға ықпал етеді.

«Мемлекет басшысының тапсырмасын уақытылы және сапалы орындау мақсатында Оқу-ағарту министрлігі әр өңірдегі білім берудің өзекті мәселелерін нақты шешуді көздейтін Жол картасын әзірлеу және қабылдау жұмыстарын жалғастырып жатыр. Жыл сайын 6 мыңға жуық мұғалім біліктілік арттыру курстарынан өтеді. Жалпы білім беретін мектептердің басшылық құрамының 60-тан аса өкілі менеджмент бағыты бойынша білім алады. Бұл педагогтер қоғамдастығының кәсіби деңгейін арттыруға септігін тигізеді»,–  деді ҚР Оқу-ағарту министрі.

Министрлік мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту сапасын бағалау критерийлерін енгізу жұмысын жалғастырып жатыр. Жыл сайын мектептердің 20%-ы білім алушылардың жетістіктеріне мониторинг жүргізуге және 90 білім беру ұйымы мектептерге арналған PISA зерттеуіне қатысады.

Негізгі басымдықтардың бірі – инклюзивті білім беруді дамыту. Ақтөбе облысында ПМПК, психологиялық-педагогикалық түзету кабинеттері желісі кеңейтіледі, 14 инклюзияны қолдау кабинеті ашылып, арнайы психологиялық-педагогикалық көмек алу үшін мемлекеттік тапсырыс 1750 орынға артады. Өңірдің барлық бастауыш сынып оқушыларын тегін ыстық тамақпен қамту жоспарланып отыр. Балалардың шығармашылық және зияткерлік әлеуетін дамытуды көздейтін екі ірі нысан ашылады.

Бірлескен құжат облыс жастарын тегін техникалық және кәсіптік біліммен 100% қамтуға, колледждерде педагогикалық мамандықтар бойынша мемлекеттік тапсырысты көбейтуге, кадрларды кәсіпорындардың өтінімдері бойынша мақсатты түрде даярлауға, колледждердің материалдық-техникалық базасын нығайтуға бағытталған.

1500-ден астам ТжКБ педагогі біліктілікті арттыру курстарынан өтеді. ҚР Оқу-ағарту министрлігінің пилоттық жобасы аясында 10-11 сынып оқушыларына арналған жұмысшы мамандықтары бойынша білім беру бағдарламалары енгізіледі. Сонымен қатар өңірде 184 орындық студенттер жатақханасын салу, төрт колледжде күрделі жөндеу жүргізу жоспарланған.

Айта кетейік, Жол картасы өңірдің білім беру саласын дамытудың барлық мәселесін қамтиды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Жайлы мектептер білім ошағына аса мұқтаж өңірлерде салынуы тиіс – Олжас Бектенов

Жайлы мектептер оқушыларға ыңғайлы әрі білім беру деңгейі жоғары болуы тиіс. Бұл туралы Үкімет отырысында Премьер-Министр Олжас Бектенов айтты. «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының елімізге керекті,...

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті

Соңғы жылдары білім саласына салынған инвестиция 6 есе өсті. Бұл туралы бүгін Үкімет отырысында «Жайлы мектеп» ұлттық жобасының іске асырылу барысын талқылау кезінде Премьер-Министрдің...

«Жайлы мектеп»: Павлодарда жаңадан 5 білім ұясы салынады

Екі мектеп биыл пайдалануға берілсе, өзгесі келер жылдың еншісінде қалдырылды. Жаңа ғимараттар тапшылық қалыптасқан аудандарда салынады. «Samruk-Kazyna Construction» АҚ Павлодар облысы әкімдігімен «Жайлы мектеп» ұлттық...

«Болашақ» бағдарламасына өзгерістер енгізіледі

Қазақстанда «Болашақ» халықаралық бағдарламасын дамытудың жаңа стратегиясы әзірленіп жатыр. Бұл туралы Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек мәлім етті. «Қазір алдағы үш жылға арналған...

Былтыр бір ғана Түркістан облысының білім саласында миллиардтаған ақша жымқырылған

Өткен жылдың басынан бері білім саласында 192 сыбайлас жемқорлық қылмысы тіркелді. Олар бойынша залал 13 млрд теңгеден асты. Ең ірі жымқыру Түркістан, Жетісу, Алматы, Қызылорда, Ақтөбе...