12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Louis Vuitton ЕҰУ магистрантының ұсынысына қызығушылық танытты

ЕҰУ магистранты Айнұр Полатова ұлттық ойындарды насихаттап, «Talapai» бірегей жобасын сәтті жүзеге асыруда. Биыл нәзік жан Парижде қазақ нақышы бар сөмкенің ерекше дизайнын таныстыруды жоспарлап отыр.

Айнұр Полатова Еуразия ұлттық университетінде қазақ филологиясының  магистратурасында оқиды. Нәзік жан ұлттық ойындар арқылы қазақтың төл мәдениетін кеңінен дәріптеуді ұйғарды. 2022 жылы магистрант «Talapai» стартап идесын құрып, ЕҰУ бизнес-инкубаторындағы байқауда ақшалай сыйлық ұтып алды. Айнұрдың жобасы ерекше ұлттық дизайнмен жасалған. «Бес тас», «Құмар», «Ағаш үй» бестемшесі, «Тұмар» бестемшесі, «Тоғызқұмалақ» ойындары қазақтың ою өрнегі бар функционалды қоржын түрінде ұсынылған.

Үш ай бұрын басталған «Talapai» жобасы қазірдің өзінде өте танымал. ЕҰУ магистрантының айтуынша, ұлттық ойынды сатып алуға өтініштер тек қазақстандықтардан ғана емес, Түркия, АҚШ, Нидерланды тәрізді шет мемлекеттерден де келіп түскен.

«Қазір шетелдік үстел ойындары өте көп. Мен біздің ұлттық ойындарымызды неге заманауи үлгіде дәріптемеске деп ойладым. Осылайша «Talapai»  идеясы пайда болды. Әр ойын сөмке тәрізді ағаштан жасалған қорапта ұсынылған. Оны барлық жерде алып жүру ыңғайлы және өте жеңіл. Ең бастысы – ағаш сөмке функционалды, оны ашып, ойын ойнауға болады», — деп бөлісті Айнұр Полатова.

Осы жылдың сәуір айында Айнұр Louis Vuitton өкілдерімен кездесуді жоспарлап отыр. Оның киіз үй тәрізді сөмке жасау туралы ұсынысын әлемдегі әйгілі брендтердің бірі қолдап, дизайнды талқылауға Парижге шақырды.

«Жарнамадан Louis Vuitton біздің киіз үйге ұқсас дүкен ашқанын көріп қалдым. Бұл мені қызықтырды және мен оларға киіз үй тәрізді сөмке жасау туралы ұсыныс хат жаздым. Мен қазір ұлттық ойындарды дамыту үшін «Talapai» жобасын жүзеге асырып жатқанымды айттым, оның сыртқы қоржын түріндегі қорабы біздің ата-бабаларымыздың көшпелі үйіне ұқсайды. Мен бұл дизайнды өзім жасаймын және Louis Vuitton үшін негізгі идея оған негізделген. Екі аптадан кейін компания менің ұсынысыма қызығушылық білдіріп, өздерінің жауап хатында идеяны одан әрі талқылау үшін Парижге шақырды», — дейді магистрант.

Айта кету керек, Айнұр Полатова кәсіби дизайн бойынша оқымаған. Биыл ол Германияда, Гете атындағы Франкфурт университетінде ЕҰУ академиялық ұтқырлық бағдарламасы бойынша білімін шыңдайды.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...