31 C
Нур-Султан
02.06.2023

250 қазақстандық Мажарстанның ЖОО-ға оқуға түсуге ұсынылды

ҚР Ғылым және жоғары білім вице-министрі Қуаныш Ерғалиевтің төрағалығымен Үкіметаралық гранттар бойынша қорытынды комиссияның кезекті отырысы өтті.

Комиссия шешімімен 250 қазақстандық Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында бакалавриат, магистратура және докторантура бағдарламалары бойынша оқуға ұсынылды. «Stipendium Нungaricum» стипендиялық бағдарламасының конкурстық іріктеуіне 900-ге жуық үміткер қатысты.

«Қорытынды конкурстық комиссия үш критерийді бағалау нәтижесі бойынша ең жоғары орташа баллы бар үміткерлерді тізімге қосты: шет тілін меңгеру деңгейі, білім туралы құжаттың орташа балы және әңгімелесу қорытындысы бойынша орташа баға. Конкурстық іріктеуде баллдар теңдігі болған жағдайда, халықтың әлеуметтік жағынан осал топтарының үміткерлеріне, атап айтқанда көп балалы отбасылардан шыққан балаларға, жетім балаларға, мүмкіндіктері шектеулі балаларға, сондай-ақ ауылдық жерлерден үміткерлерге басымдық беріледі», — деді «Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ Басқарма төрағасы Олжас Сәкенов.

Мажарстан тарапынан «Stipendium Нungaricum» білім беру гранттарын тағайындау туралы соңғы шешім қабылданады.

Естеріңізге сала кетейік, үкіметаралық келісімдер аясында қазақстандықтарға «Stipendium Нungaricum» бағдарламасы арқылы Мажарстанның жетекші жоғары оқу орындарында академиялық оқуға білім беру гранттары жыл сайын ұсынылады. Грант оқу, жатақханада тұру, медициналық сақтандыру шығындарын өтейді, сонымен қатар ай сайын стипендия төленеді.

«Халықаралық бағдарламалар орталығы» АҚ үкіметаралық гранттардың әкімшісі бола отырып, өтінімдерді қабылдайды және үміткерлерді іріктеуді жүргізеді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...