31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Саясат Нұрбек Ұлыбританияның Қазақстандағы елшісімен кездесті

ҚР Ғылым және жоғары білім министрі Саясат Нұрбек Ұлыбритания және Солтүстік Ирландия Біріккен Корольдігінің Қазақстан Республикасындағы Елшісі Кэти Личпен кездесті. Іс-шара барысында жоғары білім және ғылым саласындағы екі жақты қатынастарға қатысты бірқатар маңызды мәселелер талқыланды.

Министр Елшіге ақпан айының басында өткен 9-шы Ұлыбритания-Қазақстан «Жоғары білім саласындағы мемлекеттер ынтымақтастығы арқылы мемлекетаралық байланыстарды нығайту» үкіметаралық комиссиясының жұмыс қорытындылары жайлы айтты. Сондай-ақ, мейманға Президент Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бекіткен Министрліктің негізгі басымдықтарын таныстырды.

«Мемлекет басшысы ғылым және жоғары білім министрлігінің алдына елдегі ғылымды, оның ішінде университеттік ғылымды дамыту бойынша міндеттер қойды. Осы мақсатта ҚР Үкіметі ынтымақтастық географиясын кеңейту үшін жағдай жасауда. Қазіргі уақытта Қ. Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік университетінің базасында Heriot-Watt университетін ашу жұмыстары жүргізілуде», – деді Саясат Нұрбек.

Кездесу соңында тараптар Ұлыбританияда «Болашақ» халықаралық стипендиясын іске асыруды талқылап, екі елдің жоғары білім және ғылым саласындағы ынтымақтастығын кеңейту мүмкіндігін қарастыруға келісті.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...