05.10.2024

Балаларды суицидке итермелейтін 15 мың сайт бұғатталды

Бас прокурор Берік Асылов кейінгі кезде балалардың өзіне-өзі қол жұмсау дерегі көбейгеніне қатысты пікір білдірді.

«Балалардың өзіне-өзі қол жұмсау толқыны қоғамда резонанс тудырды. Прокурорларға әр факт бойынша тергеуді ерекше бақылауды тапсырдым. Жалпы, әлеуметтік желілер балалардың суицид белсенділігіне әсер ететіндіктен прокурорлар 15 мың зиян сайт пен сілтемені бұғаттауға қол жеткізді», – деп жазды «Х» әлеуметтік желісіндегі парақшасында.

Сондай-ақ, қиын тұрмыстық жағдайдағы отбасылармен жұмыс істеліп жатқанын атап өтті. Мемлекеттік органдармен суицидтің алдын алу бойынша шұғыл шаралар кешені әзірленеді.

-ЖАРНАМА-spot_img

LEAVE A REPLY

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -spot_img

СОҢҒЫ ЖАЗБА