12 C
Нур-Султан
03.06.2023

Аттестаттау жұмысы жалғаса ма?

Оқу-ағарту министрлігі Білім саласындағы сапаны қамтамасыз ету комитетінің төрағасы Ернұр Дәуенов өзінің Facebook парақшасында комитетке педагогтерден арыз-шағымдар жиі түсетінін жазды.

Соңғы уақытта тексерістер, мониторингтер, әдістемелік көмек көрсету сияқты әр түрлі формадағы бақылау шаралары туралы көп айтылуда. Тіпті біздің Комитет пен департаменттерге еліміздің көптеген өңірлерінен арыз-шағымдар жиі келіп түсуде. Әсіресе, Алматы облысының педагогтерінен.

Осы бағыттағы жұмысты жүйелендіру мақсатында барлық бақылау шараларының Концепциясын әзірлеуді шештік. Концепцияда бақылау шараларының түрлері, мақсат-міндеттері, бақылау инструменттері, әдіс-тәсілдері және алгоритмі жазылатын болады.

Осыған орай, Білім басқармаларына Концепция бекітілгенге дейін барлық бақылау шараларын тоқтату туралы тапсырма берілді. Құжат қабылданғаннан кейін жүйелі жұмысты бастаймыз.

Алайда, білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаменттерінің негізгі функциялары болып табылатын мемлекеттік аттесттатау, профилактикалық бақылау шаралары жалғаса береді.

Кез келген мәселеде жүйелілік қажет.

Ернұр Дәуеновтің Facebook парақшасынан

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...