-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

10-11 сынып оқушылары арасында республикалық олимпиада өтеді

Қазақстан Республикасының Қаржылық мониторинг агенттігі, Оқу-ағарту министрлігінің және «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығының қолдауымен «Тұран» университеті, «Қазтұтынуодағы» Қарағанды университеті және М.С. Нәрікбаев атындағы KAZGUU университеттері бірлесіп «Қаржылық қауіпсіздік бойынша республикалық олимпиада» өткізеді.

Олимпиада қаржылық, экономикалық және ақпараттық қауіпсіздік негіздерін меңгерген қаржылық сауатты жастардың жаңа буынын қалыптастыруға ықпал етуге бағытталған. Оған еліміздегі қазақ/орыс тілінде жалпы білім беру ұйымдарының 10-11 сынып оқушылары қатыса алады. Олимпиадаға қатысуға ниет білдірушілер 15 ақпаннан 15 наурызға дейін тіркелуі қажет.

Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

1-кезең онлайн-тестілеу форматында;

2-кезең офлайн түрде өтеді.

Тіркелу және олимпиада туралы ақпаратты «Тұран» университетінің сайтынан алуға болады.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...