31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Педагогтар арасында кімнің ұлттық біліктілік тестін тапсырмайтыны белгілі болды

Оқу-ағарту министрлігі мұғалімдердің аттестациядан өту ережесіне өзгерістер енгізді. Мысалы, бұрын еңбек өтіліне және тәжірибесіне қарамастан барлық мұғалім ұлттық біліктілік тестін (ҰБТ) тапсырса, енді жекелеген санаттар ҰБТ-дан босатылады.

«Құрметті әріптестер! №533 бұйрық бойынша төмендегідей нормалар енгізілген. Осы жылдан бастап санаттарды екі тәртіппен емес, Ережеде белгіленген бір-ақ тәртіппен енгізу 2023 жылдан бастап іске асады.

Егер Сізде «жоғары санат» бола тұра модераторға тапсырасыз десе, мына Ережеге сілтеме беріңіз.

Осы ережені ең алды мектеп басшылығы түгілі жергілікті уәкілетті ұйым да түсінбеді-ау деген күдік туады», — деп жазды желі қолданушысы, педагог Дана Рау өзінің Facebook парақшасында.

Еске сала кетейік, 30 және одан да көп жыл педагогикалық өтілі бар педагогтер Ұлттық біліктілік тестілеуін (ҰБТ) тапсырудан босатылып, тек қызмет нәтижелерінің жан-жақты аналитикалық қорытындысын, яғни портфолионы ғана тапсырады.

Нақтырақ айтсақ, ескі жүйе бойынша «бірінші», «жоғары» санаттары бар мұғалімдер жұмыс нәтижелерін жан-жақты қорытындылау арқылы «педагог-модератор» біліктілік санатына ауысса, онда ҰБТ-дан босатылады.

Еске сала кетейік, Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығында педагогтерді аттестаттаудан өткізу қағидалары мен шарттары берілгені айтылған.

-ЖАРНАМА-

31 КОММЕНТАРИИ

  1. Егер 35 еңбек өтілі бар педагог бір жыл бұрын тесттан өте алмадым, менің жоғары санатым алынып қалды, қазіргі кезде жалпы санатты тәрбиешімін. Еңбек ақым да, педагог санатымен бірдей ақшам да азайды. Өкінішті

  2. Ақшасы үшін ғана неше жыл еңбегі бар ұстазды ең төменгі атаққа қойғаны қынжылтады. Модератор ол екінші санатты ұстаз бен теңеледі.

  3. Бұрыннан түсінікті жазылды ғой. Дана неге біреудің атынан сөйлейді, өзі түсінбегенін жазбай ма?

  4. Менің ескі бірінші санатым бар. Бірінші санатты 2020 жылы алдым. ҰБТ дан босатыламын ба? Еңбек өтілім 11 жыл

  5. Егер педагог 27жыл еңбек өтілі бар 1 санатты болып ол санат мерзімі 20.05.2022жылы растау уақыты болса, педагог модераторға 2023 жылдың қаң тар айында тек портфолио тапсырып аттестаттала ма, немесе тест тапсыруы керекпе?

  6. Мен бұрын колледжде сабақ бергенмін, ескі жүйе бойынша 1-категориям бар»арнайы пәндер оқытушысы» деген . Казір мектепте көркем еңбектен сабак беремін, маған тест тапсыру керек пе?

  7. 2017 жылы өткендердің санатын түсіріп тастады.ол кезде тест бірақ рет болды.апрель май айында өткен мені педагог мәртебесіне бірақ түсірді.бұл әділетті ма?35 жыл стажбен педогог болу жауап беретін біреу барма бұған

  8. Сәлеметсіздер ме,егер 1 ші категорияның уакыты өтіп кетіп, бірак модераторға тапсырмақ,ҰБТ дан босатылама

  9. Өте дұрыс, және сіздерге сұрағым мектепте асыраушысы ретінде ер адамдардың жалақысын көтерсеңіздер көп балалы әке ретінде және ауылға қосқандай коэфициент қосылса қала мектептеріне нұр үстіне нұр болар еді. Мына қымбатшылықта қысып барады

  10. Бұрын жоғары категориямен жүріп кәзір 32-35жыл стажбен санатсыз қалған мұғалімдер бар ,солар тесті тапсырмай тек папка қорғап модератор ала алама

  11. тағы түсініксіз.Тек 30 жыл өтілі бар, жоғары болмаса бірінші категориясы бар педагог тестсіз партфолиомен барады деп нақты жазу керек қой,
    Мысалы Батимада еңбек өтілі 13 жыл бірінші категоиясы бар бірақ Батима тест тапсырады солай ма
    қазақша аттестаттау бұйрық түк түсініксіз

  12. Менде жоғары санатым август 2022жылы біткен, санатсыз деп приказ шығарып, енді педогог модераторға тапсыруғабердім

  13. Сәлеметсіздерме?
    Менің сұрағымды түсінетін жан бар ма?
    Соңғы тестке барғанымда педагогикадан бір балл жетпей қалды.Сонымен жоғарғы категориядан бірден педагогқа түстім.Қаншалықты дұрыс.
    Жауап таба алмадым.
    Мен енді тест басталса модераторға баруым керек.еңбек өтілім 35 жыл.

  14. Әріптестер!Шынында да жоғары санаты бар ұстаздар ,соншама жыл стажы бар,неге төмендетіп педагог деген ғана береді.Жалпы Біліміміз жоғары ,1 емес 2 дипломы бар,кейбір ұстаздар да Магистр атағы берілді.Біз сонда не үшін Университет оқып,оны қорғадық.Ұстаздың дәрежесін түсіруде!!Курстың барлығын ақылы,онлайн олимпиадалар жарамсыз,сонда қалай айлықты көп балалы отбасына жеткізуге болады!!Тесті алып тастап,тек портфолия жинасақ болмайма.Жұмыс істеуге түк мүмкіндік жоқ.Көздің көруі де нашарлап барады!!!

  15. Егер педагог 22 жыл еңбек өтілі бар 1 санатты болып ол санат мерзімі 20.05.2022жылы растау уақыты болса, педагог модераторға 2023 жылдың қаң тар айында тек портфолио тапсырып аттестаттала ма, немесе тест тапсыруы керекпе?

  16. Саламатсыздар ,бұл әлі де түсініксіз
    Сонда бұрынғы 2 санатты мұғалімдер тестіге барама ескі жүйенің жоғарғы ,бірінші санаттылар тестіденбосатылады да екіншілер 35 жыл өтілімен тестіге барама

  17. Саламатсыздар ,бұл әлі де түсініксіз
    Сонда бұрынғы 2 санатты мұғалімдер тестіге барама ескі жүйенің жоғарғы ,бірінші санаттылар тестіденбосатылады да екіншілер 35 жыл өтілімен тестіге барама

  18. Әлі де түсініксіз, стаж 30 жыл болмаған бірінші санатты мұғалім модераторға тестісіз өте ала ма?
    Неге анықтап жазбайды?

  19. Менің педагогикалық жалпы стажым 33жыл,соңғы өткенім 2018 жыл, бірінші біліктілік санатым бар. Енді тест тапсырмайтын шығармын деп үміттенсем, таза пәніңіз ғана саналады дейді. Бұл қаншалықты дұрыс бұрыс екенін түсінбедім. Мамандығым бойынша еңбек және сызу пән мұғалімімін. Қазір көркем еңбектен сабақ беремін. Бастапқы 5 жыл бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істегем. Көркем еңбек бойынша соңғы 28 жыл есептедеді екен. Қазіргі таңда партфолио жинап, жүктеп қойдым

  20. Сәлеметсіз бе.менде 34жыл стаж оның 27жылы дипломға сйкес пән,ал7жыл дипломға сйкес емес сабақтар жүргіздім сонда пед стаж жалпы санала ма,әлде сол диплом бойынша пәндерім ғана санала ма?жауабын әр кім әр түрлі айтады осының нақтылығы керек еді

  21. Сәлеметсіздерме, мен бірінші санатты тәрбиешімін, енді модераторға тест тапсырмай өтемінбе, 26.03.2023 жылы бірінші санаттың уақыты

  22. Сәлеметсіз бе? Менің жалпы педагогоикалық өтілім 34 жыл. Еңбірінші жылы бала бақшада тәрбиеші болып жқмыс жасадым.Содан кейін 5-жыл жоғары оқу орнына түстім «Биология» пәні мұғалімі ретінде.ЖОО аяқтағаннан кейін мектепте осы уақытқа дейін биология пәні мұғалімі болып жұмыс жасап келемін. Менің 5-жыл ЖОО оқығандығым педөтілге қосылуы тиіс емеспе? Себебі мен ЖОО-на түскенге дейін бала бақшада тәрбиеші болып жұмыс жасадым.Менің жалпы педагогоикалық өтілім қазір ЖОО-да оқығанымды қосқанда 34 жыл. Оқу-ағарту министрінің 2022 жылғы 30 желтоқсандағы №533 бұйрығының 123 тармағында Бейіні бойынша 30 және одан да көп жыл педагогикалық және өндірістік өтілі бар педагогтер жаңа жүйе бойынша берілген біліктілік санатын растаған кезде ПББ тапсырудан босатылады және қызмет нәтижелерін кешенді жинақтаудан өтеді. Осы жағдайда менің ЖОО-да оқыған 5- жылым қосылмайма.ҚБТ- баруым міндетті ме? Алдын ала рахмет.

  23. Сәлеметсіздер мен 12жыл бойы тәрбиеші болып жұмыс істеп келемін. Басқа жер ауыстырып қазір жұмысқа ауысуыма байланысты конкрусқа тест тапсырасын деді сонда мен конкрусқа неше балл жинауым керек.

  24. Менде ескіше бірінші санат бар е
    портфолио тапсырдым портфолиом өтті маған мадератор берілема тестке бармай ақ жоқ әлде тестке барамын ба

  25. Сәлеметсіздер мен ескі сағатпен 1 санаттамын .Енді мен бір рет емтиханға кіріп зерттеуші санатына өте алмадым енді екінші мүмкіндігім бар . Соған өтпей модераторға өте аламын ба?

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...