Өскемен қаласында соңғы 10 күнде мектептерге бомба қойылғаны туралы алтыншы хабар түсті.
ШҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, бүгін түскі уақытта қаладағы бірнеше мектепке бомба қойылғаны туралы хабар түсті.
«Мамандандырылған қызметтер дереу мектептерге келіп жетті. Білім ордаларының қызметкерлері мен оқушылар қауіпсіз жерге көшірілді. Қазіргі уақытта ғимараттар іші тексерілуде. Халықтан сабырлық танытуды және енгізілген шектеулерге түсіністікпен қарауды сұраймыз», — делінген ақпаратта.
Айта кетейік, бұл соңғы 10 күнде мектептерге бомба қойылғаны туралы алтыншы хабар. Соның салдарынан апта басталғалы бері бірнеше мектеп оқушылары сабақ оқи алмай отыр.