31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Қаңтардағы ҰБТ: 160 түлектің нәтижесі жойылды

ҰБТ-ға тыйым салынған заттарды кіргізу әрекеттері мен ҰБТ ережелерін бұзу саны біршама азайды. Тестілеу кезінде ережелерді бұзғаны үшін 98 адам аудиториядан шығарылып, нәтижелері жойылды. Ал тестілеуге кіру барысында тыйым салынған заттарды кіргізбек болған тестіленушілердің саны – 62, олар ҰБТ тапсыру мүмкіндігінен айырылды. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметі алаңында ҚР ҒЖБМ Ұлттық тестілеу орталығының директоры Руслан Емелбаев мәлімдеді.

«Тестілеу «1 компьютер – 2 камера – 1 тестіленуші» қағидасы бойынша өткізілді. Фронталды веб-камера талапкердің жеке басын сәйкестендіруге және ҰБТ кезінде бөгде адамдардың кіруін болдырмауға мүмкіндік береді. Сондай-ақ бұл қағидат емтихан тапсыру барысына бақылау жүргізу және тестілеудің ашықтығын қамтамасыз ету үшін қажет. Қабылданған шаралар арқасында қаңтар ҰБТ-ның қорытындылары бойынша бөгде адамдарды кіргізуге тырысу фактісі анықталған жоқ. Естеріңізге сала кетсем, 2022 жылы барлық 5 тестілеу қорытындысы бойынша тек 1 факті тіркелген еді. ҰБТ штаттық режимде және қандай да бір форс мажорсыз өтті», — деді Ұлттық тестілеу орталығының директоры.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...