-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі басталды

Қазақстанда жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың облыстық кезеңі басталды. Биыл зияткерлік сайыстар электронды форматта өтуде.  Оған барлық қалалар мен аудандардан 15 651 оқушы қатысады.

Республикалық олимпиаданың үшінші кезеңі 13-18 ақпан аралығында өтеді.  Ұйымдастырушылар ашықтықты қамтамасыз ету үшін сайыс екінші жыл қатарынан электронды форматта өткізілуде.

«Өткен жылдан бері олимпиада «El Umiti Digital Online Platform» ақпараттық жүйесінде веб-камерадан фото түсіру және минут сайын скриншот арқылы прокторинг қызметін пайдалану арқылы электронды форматта өткізіліп келеді.  Мектеп оқушыларына тапсырмаларға қол жеткізу үшін жауап бланкілері, жеке логиндер мен парольдер беріледі», — дейді «Дарын» Республикалық ғылыми-практикалық орталығы директорының міндетін атқарушы Ғаждембек Тұрсынов.

Айта кетейік, олимпиада «1 компьютер – 1 оқушы – 1 камера» қағидасы бойынша өткізіледі.  Жарыстың тікелей трансляциясы мен түсірілімі YouTube арналарында қолжетімді.  Олимпиаданың ашық өтуін бақылау үшін «Адалдық алаңы» ҚБ, облыстардың сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметінің өкілдері, жоғары оқу орындарының оқытушылары мен ата-аналар қауымы шақырылған.

Зияткерлік сайыс 15 пән бойынша соның ішінде  математикалық және гуманитарлық бағытта өтеді. Үшінші кезеңге еліміздің барлық өңірлерінен  15 651 оқушы қатысады.

ҚР Оқу-оғарту министрлігінің «Дарын» республикалық ғылыми-практикалық орталығы еліміздегі дарынды мектеп оқушыларын анықтау, оларды шыңдап, дамыту және кәсіби қолдау көрсету саласындағы флагман. Бүгінде орталықта әртүрлі деңгейдегі 70-ке жуық пәндік олимпиадалар ұйымдастырылып, өткізілуде.

-ЖАРНАМА-

1 КОММЕНТАРИЙ

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...