31 C
Нур-Султан
02.06.2023

Түркияда зардап шеккендерге көмекке директордың күштеп ақша жинатып жатқанына мұғалімдер шағымданды

9 ақпан күні сағат 00:00-де Ақтаудағы мектеп мұғалімдері оқу ордасының директоры корпоративтік чатқа дауыстық хабарлама жіберіп, Түркиядағы зілзаладан зардап шеккендерге көмек көрсету үшін бір күндік табысын аудару қажеттігін айтқанын жеткізді. Біраз уақыттан соң мектеп басшысы бұл шешіммен барлығы келіскенін түсіндірген, алайда мұғалімдер өз пікірлерін айтып үлгергермегенін алға тартады.

№16 орта мектеп директоры Айман Нұрабаева мұғалімдерді көмекке ешкім мәжбүрлемейтінін айтады.

«Бұған дейін Арыс қаласында жапа шеккендерге көмек жинағанбыз. Мен Түркиядағы зардап шеккендерге де көмектесуді ұсындым. Бөтен ойым болған жоқ. Тек көмек қолын созғым келді және бұл ойымды барлық мұғалімдер қолдайды деп ойладым. Әрқайсысы Kaspi банкі арқылы аудара алады. Таңертең жиналыс өткізіп, онда мен әркім өзінің көмектескісі келетін-келмейтінін шешуге құқылы екенін тағы бір түсіндірдім», — деді Айман Нұрабаева.

Мектеп директорының айтуынша, мұғалімдердің орташа жалақысы 200 мың теңгені құрайды. Сондай-ақ ол өзінің көмектесу туралы бастамасы жанжалға ұласады деп ойламағанын да айтты.

«Мектеп директоры Түркия халқына көмектесу үшін бастама көтерді. Мен оның билігін асыра пайдалануын көрмей тұрмын. Бәлкім, оны дұрыс түсінбеген шығар, сондықтан осындай дау туындап отырды», — деп түсіндірді Ақтау қаласы әкімдігінің білім бөлімінің басшысы Бағдат Тұрғанбаева.

Айта кетейік, Түркияның Хатай провинциясында қатты жер сілкінісі болды. Ол жерде үш Қазақстан азаматы жоғалды. Сабина есімді қыз тірі табылды. Ал Әділ Қадырбеков пен Мейірболат Құрмашев қаза тапты.

Lada.kz

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...