-0 C
Нур-Султан
22.03.2023

Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медаль иеленді

ХІХ халықаралық Жәутіков олимпиадасында қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды

Оның ішінде:

6 алтын;

20 күміс;

40 қола медаль бар.

Жеңімпаздар еліміздің жетекші жоғары оқу орындарының атаулы сыйлықтары мен білім гранттарын иеленді.

26 елдің 281 командасы 10 күн бойы математика, физика және информатика пәні бойынша сынға түсті. Қазақстаннан құрамында 250 оқушысы бар 35 команда бақ сынады. Дәстүрлі халықаралық Жәутіков олимпиадасына Қазақстан, Әзербайжан, Өзбекстан, Ресей, Грузия, Румыния, Сербия, Украина, Үндістан, Түркия, Ұлыбритания және басқа да елдердің физика-математика бағытындағы мамандандырылған мектептерінен жалпы 1200-ден аса оқушы қатысты.

«Халықаралық Жәутіков олимпиадасы оқушылар арасында танымал бола түсті. Олимпиада кезінде қатысушылар күрделі математикалық есептерді шешеді. Мұндай зияткерлік конкурстар олардың білімін тереңдетіп қана қоймай, балаларды командада жұмыс істеуге, достық қарым ‒ қатынас орнатуға үйретеді», — деп атап өтті РФММ басқарма төрағасы Руслан Қалиев.

Олимпиада қорытындысы бойынша қазақстандық оқушылар 66 медаль жеңіп алды. Оның 6-ауы – алтын, 20-сы – күміс және 40-ы – қола. Жеңімпаздарға сыйлықтар мен білім беру гранттары қарастырылған.

Естеріңізге сала кетейік, Халықаралық Жәутіков олимпиадасы ҚР Оқу-ағарту Министрлігінің қолдауымен Республикалық физика-математика мектебінің базасында өтті.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Наурыз туралы қызықты деректер

Наурыз - бүгінде халықаралық мереке. Ол Орталық Азияның көптеген елдерінде: Қазақстанда, Өзбекстанда, Қырғызстанда, Түркіменстанда, Әзірбайжанда, Тәжікстанда және басқа да елдерде ресми түрде атап өтіледі. Айта...

Мотивация беретін үздік 5 фильм

Кей кезде ойлаған арманың мен мақсатың орындалмаған кезде барлығынан шаршап кетесің,  сол кезде мотивация іздейсің. Арманыңыз бен мақсатыңыдан бас тартпай, әрі қарай да армандай...

Оқушылар арасында математика-жаратылыстану бағытында республикалық олимпиада өтіп жатыр

20-25 наурыз күндері Шымкент қаласында жаратылыстану-математика бағытындағы пәндер бойынша республикалық олимпиада өтеді, деп хабарлады «Дарын» РҒПО мамандары. Бұл -  математика, физика, химия, биология, география...

Мемлекет басшысы Наурыз мерекесімен құттықтады

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев "Тәуелсіздіктің 25 жылдығы" монументі жанындағы алаңда Наурыз мейрамына арналған мерекелік іс-шараға қатысып, сөз сөйледі, - деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі. "Наурыз...

«Алаштану» және «Тұлғатану» пәндері енгізіледі

ҚМДБ төрағасы, бас мүфти Наурызбай қажы Тағанұлы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында халықтың, әсіресе жастардың патриоттық сезімін ояту мақсатында атқарылатын жобалар туралы баяндады. "Халықты...