19 C
Нур-Султан
02.06.2023

Сапалы оқулықтар әзірлеу үшін баспаларға жауапкершілік күшейді

Республикалық ғылыми-практикалық білім мазмұнын сараптау орталығы хабарлағандай, енді полиграфиялық ақау, сондай-ақ пәндік сараптама комиссиясы бекіткен нұсқадан ауытқу нәтижесінде кеткен қателер мен басқа да кемшіліктер анықталған жағдайда, оқулықтар мен оқу әдістемелік кешендерді баспа өз есебінен ауыстыруға міндетті.

«Біз мұндай құқықтық норма арқылы барлық тараптардың өзара жауапкершілігін күшейту мектептегі оқу әдебиетінің сапасын арттыруға оң әсер етеді деп санаймыз», – дейді орталық басшысы Елдос Нұрланов.

Соңғы үш жылда ҚР Оқу-ағарту министрлігі мемлекеттік сараптама рәсімдерінің объективтілігін арттыруға, сарапшыларға, авторларға және оқулықтарға қойылатын талаптарды нақтылауға бағытталған бірқатар заңнамалық шаралар қабылдады.

2020 жылы сараптама жүргізу процесі толығымен құпиялық режимге ауыстырылды. Министрлік сайтында pdf және epub форматындағы қағаз оқулықтардың электрондық нұсқалары ашық орналастырылып, авторлар көрсетілмейтін болды. Бұл сараптаманың әділдігі мен ашықтығын қамтамасыз ететінін шара. Сондай-ақ баспаларға ішкі сараптама жүргізу, авторлардың оқу әдебиеттерін әзірлеудің әдіснамасы, оларды бағалау критерийлері бойынша оқыту курсынан өткізу жауапкершілігі жүктелді.

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...