20 C
Нур-Султан
03.06.2023

Атырау университеттері Түркияда оқитын қазақстандық студенттерді қабылдауға дайын

Мұнайлы өңірде екі жоғары оқу орны бар. Оның бірі – Х.Досмұхамедов атындағы университет, екіншісі – С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университеті.

Екі университеттің басшылығы Түркиядағы төтенше жағдайға байланысты сол елде оқып жүрген Қазақстан студенттеріне білімін жалғастыруға мүмкіндік бергелі отыр.

Мәселен, С.Өтебаев атындағы мұнай және газ университетінің ректоры Гүлзада Шакуликованың айтуына қарағанда, шетелде оқитын қазақстандық студенттер жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі білім берудің барлық бағдарламасымен білімін жалғастыра алады.

Ал Х.Досмұхамедов атындағы Атырау университетінде жақын арада Түркияға оқуға кетуге дайындалып жүрген студенттер бар.

«Біздің магистрант жер сілкінісі ошағынан алыс орналасқан Чанаккала қаласында оқиды. Сондықтан ол сол елде оқуын жалғастыра беруді қалап отыр.

Ал екі студент Ерзурум және Нийде қалаларына оқуға баруы керек еді. Түркиядағы төтенше жағдайға байланысты бұл студенттердің ата-аналары қандай шешім қабылдайтыны әзірге белгісіз», — дейді аталған университеттің халықаралық қатынастар және интернационализациялау бөлімінің басшысы Қарлығаш Әшірханова.

ҚазАқпарат

-ЖАРНАМА-

Пікір қалдырыңыз

Please enter your comment!
Please enter your name here

- ЖАРНАМА -

СОҢҒЫ ЖАЗБА

Мемлекет басшысы Оқушылардың инновациялық шығармашылық орталығына барды

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Алматы қаласына сапарының екінші күні Наурызбай ауданында орналасқан мектеп жасындағы балаларға арналған инновациялық шығармашылық орталығының жұмысымен танысудан басталды. Бұл туралы QAZBILIM...

Елімізде балалардың халықаралық мерекесіне орай 1000-нан астам шара ұйымдастырылды

Елімізде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуде барлық құрылымдардың, қоғамның, бизнес пен БАҚ өкілдерінің күш-жігерін біріктіру мақсатында «Балалар игілігі үшін!» республикалық акциясы аясында бірқатар іс-шаралар жоспарланған. Қазақстанның...

«Мемлекет өскелең ұрпақтың білімді болып өсуі үшін барлық жағдайды жасайды» – Президент

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев 1 маусым – Халықаралық балаларды қорғау мерекесіне орай Twitter парақшасында құттықтау жариялады, деп хабарлайды QAZBILIM ақпараттық агенттігі. «Баршаңызды Халықаралық балаларды қорғау...

Оқушылар мен ұстаздар ойлап тапқан жаңа жобалар

«Роза – өлшем бірліктер кестесі». Қызылордалық оқушы Садық Роза математиканы оқытудың әдістемесін жетілдіретін жаңа математикалық кесте ойлап тапты. Бұдл кесте «Роза – өлшем бірліктер...

Қазақстан құрамасы мамырда өткен білім жарыстарында қандай нәтижелер көрсетті

Western Edge Open робототехника чемпионаты АҚШ-тың Калифорния штатында Лонг Бич қаласында Western Edge Open деп аталатын робототехника чемпионаты өткен болатын. Аталмыш бұл білім жарсына еліміздің...